AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"НАТО арандатып отыр": Қытай мен Иран Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын білдірді

Қытай мен Иранның сыртқы істер өкілдері Ресей мен Украина арасында басталған қарулы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Қытай Украина мәселесі бойынша АҚШ сынына қатысты жауап берді. Вашингтон Қытайды тым ұстамды әрі бейтарап әрекет етіп отыр деп айыптаған болатын. 

Қытай СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин "егемендік пен аймақтық бүтіндікті құрметтеуге қатысты АҚШ Қытайға не істеу керек екенін нұсқамауы керек" деп жауап берді.

Ол "қытай халқы шындығында мемлекеттік егемендік пен тұтастықтың не екенін тереңінен ұғынатынын" жеткізді. 

Хуа Чуньин 250 жылдың ішінде АҚШ тек 20 жыл ғана әскери іс-қимыл жасамағанын алға тартты. Ал өзінің әскери әрекетін кейде "демократияны қорғау", кейде "адам құқықтарын қорғау" деп ақтауға тырысқанын айтты.

"Сондықтан АҚШ-тың егемендік пен аймақтық бүтіндікті құрметтеу туралы ұғымы біздікінен мүлде бөлек екені анық", - деді ол.

Ал Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан Украинадағы жағдай НАТО арандатуларынан туындап отырғанын мәлімдеді.

"Украина дағдарысының түп тамырында НАТО арандатулары жатыр. Соғысуды шешім деп санамаймыз. Оқ атуды доғаратын режим орнатып, саяси және демократиялық шешім табу қажет", - деп жазды ол Twitter-де.

Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. 

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгендерін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр