Левиттің қарсыласы жеңісі жайлы: Нәтижеге таңғалмаймын
Испаниялық боксшы Мануэль Рейес қазақстандық Василий Левитті жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жеңу үшін бар күшімді жұмсадым. Мен Левиттің мықты тұстары туралы алдын ала біліп алдым. Және оның рингте қалай әрекет ететінін жақсылап зерттедім. Нәтижеге таңғалмаймын, өйткені мен кез келген қарсыласты жеңе алатынымды білдім. Ең негізгісі – осы. Мен нокаутқа түсірем деп жоспарламадым, бірақ ол маған жеңіс әкелді және бұл ең бастысы", – деді Рейес.
Еске салсақ, Василий Левит Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен ұтылды. 91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”