Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Насвай қосылған Cola": Семейдегі мейрамханалардың бірінде келушілер газдалған сусының ішінен белгісіз зат тауып алған

Семейдегі мейрамханалардың бірінде келушілер газдалған сусының ішінен белгісіз зат тауып алғанФото: threads.com/@horombaevaaa

Семей тұрғыны танымал мейрамханалардың бірінде тапсырыс берген газдалған сусының ішінен белгісіз зат тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсив басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел сусынның ішіндегі насвай деп болжады. Ал мейрамхана иесі Мадина Мальтекбаева бөтелкенің ішіндегі зат үшін жауап бермейтінін мәлімдеген.

Семей тұрғыны Threads желісінде пост жариялап, танысының бөтелкеленген Coca-Cola-дан насвай тауып алғанын жазды.

“Енді мейрамханаға барғанда ішінде насвай қосылған сусын алып келсе, өзіңіз жауапты боласыз. Сондай-ақ тамақты да әкімшілік емес, өзіңіз тексеруіңіз керек. Кеше Boho мейрамханасында танысым жағымсыз жағдайға тап болды. Мейрамхана иесі бұл жағдайға жауап бермейтінін айтқан”, –  деп жазды Карина есімді қолданушы.

Зардап шеккен әйел Cola қалдықтары бір бөтелкеге біріктіріліп, сосын оған насвай қосылған деп болжайды.

“Қандай қорқынышты. Сол сәтте басымыз айналып кетті,  шай сұрадық. Ал кейін не болғанын түсіндік. Официант өзі бөтелкені алған кезде оның майысқанын байқаған, яғни бөтелке ашылған болып тұр. Ал әкімші бізді бөтелкені тексермегеніміз үшін кінәламақ болды. Бірақ адам мейрамханаға келгенде асханаға, сусынға, барға сенуі керек. Біз, қонақтар ретінде, мейрамхананың процестерін бақылауға міндетті емеспіз”, – деп жазды әйел.

Boho Melnitsa-ның ресми Instagram парақшасында кешірім сұраған пост жарияланды. Мейрамхана 10 жылдық жұмысында мұндай жағдай алғаш рет болғанын айтты. Алайда бөтелкеленген өнімнің мазмұны үшін жауапкершілік алмайтындарын жеткізді

“Біз өзіміз өндірмеген бөтелкеленген өнім үшін жауап бермейміз, ол қонаққа берілген кезде жабық болды және қонақ бөтелкені өзі ашқан. Қазіргі уақытта жеткізушілермен тексеру жүргізіліп жатыр, бізде барлық  түбіртектер бар. Егер Coca-Cola бөтелкесі алдын-ала ашылған болса, газ жоқтығы және дәмінен бірден байқалар еді”, – делінген жазбада.

Сондай-ақ оқиға күні барда және залда тек қыздар жұмыс істегені айтылды. Қазіргі уақытта ішкі тексеру жүргізіліп жатыр, бөтелкені қонақ ашқан соң басқа біреу оған жақындап, ішкен немесе қасақана бірдеңе қосқан, қоспағаны анықталуда.

Boho Melnitsa иесі Мадина Мальтекбаева Instagram-дағы аккаунтында да клиенттерге және жазылушыларға үндеу жасады. Ол бұл жағдайға күлкілі деп баға берді.

“Шынымды айтсам, не күлерімді не жыларымды білмей тұрмын. Жағдай түсініксіз. Мен мейрамхананың иесімін, тамаққа жауап беремін. Бірақ фирмадан келген “кола” үшін жауапты емеспін. Егер бастапқыда бөтелке ашылған болса, олар айтуы керек еді. Кола кеше таңертең ғана жеткізілген еді. Бізде жарамдық мерзімі өтіп кеткен тауарлар болмайды”, – деп жазды ол.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 23:14