Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда нашақор ұрылар егде жастағы әйелді балғамен ұрып тонап кеткен

Қарақшылар зейнеткердің үйін тонап кетті. Қылмыстық оқиға Петропавлда тіркелді. Егде жастағы әйелді таң атпай екі ер адам ұйқысынан оятып алған.

images_162590

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ішімдікке сылқия тойып алған олар, зейнеткерді әуелі балғамен ұрып өлтірмекке ұмтылған. Әжесінің қасында бес жасар немересі де болыпты. Қанжоса болған Нина Муковская, барлық әшекей бұйымдары, телефон мен 22 мың теңге ақшаны қарақшылардың қолына ұстата салған. Зардап шеккен азаматшаның күйеуі бұл кезде жұмыста болған. 30 және 40 жастағы нашақор ұрылар мұны алдын — ала білген. Дәлірек айтқанда, олардың бірі бұрын зейнеткердің үйіне электр желілерін жүргізген. Ұрылар үй ішінің астаң — кестеңін шығарып жүріп, ішімдік тауып алған. Есінен танып жатқан әйелдің көзінше екеулеп отырып бөтелкені тауысқан. Қаскөйлер бір тәуліктен соң полицейлер қолына түсті. Оларды ұстауға зардап шегушінің көршілері көмектескен.

«Қап-қара боп киініп алған ер адам, менің басымнан балғамен қойып қалды. Мен қарсыласып, балғаны тартып алдым. Кейін есіктен екіншісі кіріп келді де, алтын мен ақша талап ете бастады» — зардап шегуші Нина Муковская.

«Павел үйге бірінші болып кірді, мен оның ізінше кірдім. Ол кезде әйел қанжоса боп жатқан еді. Паша онымен біраз алысты, мен оның қолындағы балғаны жұлып алдым» — күдікті.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада жас жігіт төбелес шығарып, қарсыласын талдырып тастады (фото)

Тимати мен Галустянның мақтауына қалай ілінуге болады: mc_doncha сырымен бөлісті

Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған

80 жастағы модель стереотиптерді бұзды (фото)

Талқылау