Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
NASA айдың тұтылу картасын жариялады
Бүгін 27-сінен 28 шілдеге қараған түні болатын ай тұтылудың картасы жарияланды.
Айдың тұтылу картасын NASA жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Картаға сәйкес, Қазақстан халқы айдың тұтылуын басынан аяғына дейін тамашалай алады. Айдың тұтылу 27 шілде күні көптеден жерде көрінетін болады. Кем дегенде, айдың тұтылуы Шығыс және Оңтүстік Америкадан басқа, жер бетіндегі мемлеткеттің бәрінде көрінетін болады. Айдың тұтылуы бүгін Астана уақытымен 00.24-де басталады. Ал, айдық толық тұтылуы 01.30 басталып, 03.13-те аяқталады.
Бұдан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Аэроғарыш саласының аэроғарыш комитетінде айтылғандай, шілде айының аяғында Марста келесі ұлы қарама-қайшылық басталады.
«Ұлы қарама-қайшылық 15 немесе 17 жылда болып тұрады. Алдыңғы қарсылық 2003 жылы болған, ал кейінгісі 2035 жылы болады деп күтілуде. Әдетте олар тамыз-қыркүйек айларында болады. Қарама-қайшылық деген не? Жер мен Марс көрші планеталар және олар күнді бір бағытта айналады. Жер күнді бір жылда айналып шығады. Ал, марс жерге қарағанда 1,5 есе көп, яғни ол күнді 686,98 күнде айналып өтеді. Екі планета да эллипс бойынша бірдей жазықтықта айналады. Жердің орбитасы дөңгелек, ал Марс ұзартылып, қысылған. Осы себептен Марс орбитасы, Ұлы қарама-қайшылықтық себебі болып табылады», – дейді Фесенков атындағы Астрофизика Институтының жетекші зерттеушісі Владимир Терещенко.
Ғалымның түсіндірмесіне сәйкес, бұл қарама-қайшылық нағыз геометриялық құбылыс. Себебі, Күн мен Марс Жерге қарағанда бір-біріне қарсы бағытта орналасады.
«Қарапайым қайшылықтар Марс жерден 70-тен 100 миллион шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан кезде шамамен екі жылда бір рет пайда болады. Ұлы қарама-қайшылық кезінде Марс Жерге 56-60 миллион шақырымға дейін жақындайды. Ол кезде Марс анық көрініп, оның бұрыштық өлшемдері ұлғаяды және телескоптағы суреттер де үлкенірек болады. Ал, телескоп арқылы Марстағы бөлшектерді атап айтқанда, әйгілі полярлық қақпақтарды көре аламыз. Марс жерге жақындау кезінде Күнге де жақындайды. Соның салдарынан жерде шаңды дауыл туады. Дәстүр бойынша, Марстағы ұлы қарама-қайшылық кезінде ғалымдар мен қарапайым адамдардың оған деген қызығушылығы арта түседі. Соңғы 2003 жылғы Ұлы қарама-қайшылық кезінде, бұл көріністі телескоппен тамашалауға көп адамдар келген”,-дейді дейді Фесенков атындағы Астрофизика Институтының өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың аспаннан қып-қызыл айды көре алатыны туралы хабарлаған болтынбыз.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
