Наркодиспансерде 29 жастағы жігітті ұрып өлтіргендер сотталды
Полицей мен оңалту орталығының қызметкерлері тәртіпке бағынбаған Николай Кривенконы тынышталдыру үшін аяусыз ұрған.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы хабарлайды.
Полиция қызметкері мен медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлеріне сот үкім шығарды. Ішкі істер департаменті патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабеков он жылға, фельдшер Саят Сатын мен мекеменің санитарлары – Фархат Қамбетов, Сұңғат Темірғалиев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылар ҚР ҚК 106- бабы 3-бөлімінде (байқаусызда зардап шегушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды, сондай-ақ Мырзабеков ҚР ҚК 362- бабы 4-бөлімі 1, 2-тармақтары (билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Осы жылдың наурызында 29 жастағы Николай Кривенко Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында ұсталған. Түнде полицияға белгісіз біреу тұрақтағы көліктердің шамдарын сындырып жүргені туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына келген полицейлер Кривенконы Астананың медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізеді.
Ұсталған жігіт тәртіпке мойынсұнбай, фельдшерді ұрып жібереді. Жігітті тынышталдыру үшін полиция кіші сержанты мен орталық қызметкерлері оны соққының астына алған. Кривенко сол жерде қаза болған. Сарапта Николай Кривенко ұсталған кезде сау болғанын анықтады.
Жіберіп алмаңыз:
Атырауда 18 жастағы жігіт 14 жастағы жасөспірімнің қолынан қаза тапты
Полиция Қытай азаматының тәртіпке бағынбағаны жайлы видеоға түсініктеме берді
Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді