Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наримен Төребаев Батыс Қазақстан облысында екі дене шынықтыру кешені мен медпункттің ашылу салтанатына қатысты

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Спорт нысаны "100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені" жобасын іске асыру мақсатында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в" компаниясы әлеуметтік салаға бөлген қаражатқа салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіні хабарлайды. 

Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, сала ардагерлері, спортшылар, ауыл тұрғындары қатысты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облыста 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Тайпақ ауылында ашылған бұл кешен жас спортшыларды қабылдап, кәсіби шеберліктерін шыңдап, әлемдік сайыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ел үмітін ақтайды деген сенемін. Жаңа кешен аға буынның сара жолын жалғар чемпиондар ұстаханасына айналсын”, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Нысан лентасын облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен даңқты самбошы Ерболат Байбатыров кесті. Ғимаратта спорт зал, күрес залы, жаттығу залы, жуынатын және жайлы киім ілетін бөлмелер бар. Кешен Тайпақта қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо, волейбол, баскетбол, шағын футболды дамытуға, түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіп, қалың бұқараны спортқа тартуға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, тұрғындарға дене шынықтыру мен спортты қолжетімді етуге үлкен мүмкіндік береді.

Кешеннің ашылуында сөз алған "Қарашығанақ петролиум опирейтинг б.в" компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы Қайрат Бимағанбетов аталмыш компания өңірдің дамуын қолдай беретінін жеткізсе, Тайпақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Боранбай Қыдырғожин кешен ауыл спортын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. 

Кешенді салған мердігер "Жаиксельстрой" ЖШС директорының орынбасары Ерлан Өзбеков нысан кілтін "Ақжайық" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Жаслан Күнбатыровқа табыстады.

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында 320 орындық спорт кешені ашылды. 2020 жылы құрылысы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ауданы 2370 шаршы метр. Бұл нысан да "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в" компаниясы бөлген қаражатқа салынды. 

“Бұл спорттық нысан әр тұрғын үшін қолжетімді болады. Мұнда халықтың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалды. Осындай зәулім спорт кешен салу арқылы мемлекетіміз ауылдағы тұрғындарға қамқорлығы мен жанашырлығын көрсетті. Жаңа кешеннен "Жаңа Қазақстанның" чемпиондары шығатынына сенім мол”, - деді шараға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Ауыл спортын жаңа биікке шығарып, алыстағы елді мекен тұрғындарына спортпен шұғылдануға мүмкіндік берген дене шынықтыру сауықтыру кешенінің лентасын өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен бокстан ҚР чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Даниял Сәбит кесті. Кешеннің бірінші қабатында спорттың ойын түрлеріне арналған зал, ауыр атлетика бөлмесі мен бокс рингі, арбадағы мүгедектерге арналған орындар болса, екінші қабатында шешінетін және жуынатын орын, күрес залы мен дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойнайтын бөлме бар.

Облыс әкімі кешенді көріп шыққан соң спортшылармен тілдесіп, ауыл балаларына сыйлықтарын табыстады.

Бөкей ордасы ауданындағы Жиекқұм ауылында күрделі жөндеуден соң медициналық пункт салтанатпен ашылды. Жиекқұмдықтардың қуанышымен ортақтасуға аудан әкімінің міндетін атқарушы Біржан Меңешов, облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов және Бисен ауылдық округ әкімі Кенжебек Құрмашев арнайы барды.

Медициналық пункттің лентасы қиылып, барша қонақтар ақтан ауыз тиді. Ауыл ақсақалы Қадырбай Молдашев сөз алып, медициналық пункттің жаңаруына еңбек сіңірген азаматтарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Талқылау