Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына келіп, өндірістік нысандарды аралады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен өндірісі өркендеген өңір - Бөрлі ауданына келіп, өндірістік нысандарды аралады.

Нариман Төреғалиұлы жұмыс сапарын Қарашығанақ кен орнынан бастады. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың көктемде облысқа жасаған сапарында Қарашығанақты кеңейту жобасы таныстырылған еді. Аталғанжоба аясында бүгінде 5-газды қайта айдау компрессоры мен басқа да өндіріс нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның бұл кезеңінде 970 миллион доллар инвестиция құйылып, 3500-ге жуық адам жұмысқа тартылады.

Ал жобаның 2023-2026 жылдарға жоспарланған келесі кезеңінде 6-шы газды кері айдау компрессорының құрылысы жүргізіледі. Бұл кезеңде 735 миллион доллар қаржы жұмсалып, 1300 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы, Қарашығанақты кеңейту жобасы сұйық көмірсутегін өндіру деңгейін 46 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының серіктестеріне қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ консорциум серіктестері қазір Энергетика министрлігімен бірлесіп, жаңа газ өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр. Егер газды кешенді түрде өңдейтін зауыт салынса, жылына 4 миллиард текше метрге дейін газ және 0,5-0,6 миллион тонна пропан-бутан фракциясын өндіріп, еліміздің энергетикалық әлеуетін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік туады.

Одан соң өңір басшысы Бестау су тоғанының жұмысымен танысты. Аталған нысанды 2016-2017 жылдары жалпы сомасы 639,0 млн. теңгеге жөндеуден өткен еді. Су тоғаны бүгіндеайына 600 текше метр, ал жылына 2900 мың текше метр су береді. Оған қоса, жазды күндері Ақбұлақ су тоғанынан да хала халқына су жеткізіледі. Дегенмен ол аздық етіп отыр. Жалпы, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Соңғы жылдары аудан ауылдарынамемлекеттік бағдарламалар аясында су құбырларыжаңартылып, халық таза судың игілігін көрді. Оған қоса, Ақбұлақ ауылында су желісін жаңғыртылды. Нариман Төреғалиұлы барған келесі нысан орталық қазандық болды. Жылыту маусымында аталған қазандық шаһардағы 4, 5 және 1, шағын аудандарында орналасқан 77 көпқабатты үйді, 12 әлеуметтік нысандар, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарын жылумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, "Ақсайжылукуат" МКК Бөрлі ауданыныңтұрғындарына және басқа да тұтынушыларына жылуэнергиясын өндіруді, беруді және таратуды жүзеге асырады. Жалпы, кәсіпорын 7822-ден астам үйге және 353 заңды тұлғаға, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге қызмет көрсетеді.

Кәсіпорын балансында 46 қазандық және от жағу, оның ішіндеАқсай қаласында 20 қазандық және ауылдық елді мекендербойынша 26 қазандық жұмыс істейді.

"Ақсайжылуқуат" мекемесінің бас директоры ЖасталапҚұрманқұлов облыс басышылғына бүгінгі күнде шешімін таппай отырған мәселелер баяндады.

Өз кезегінеде өңір басшысы қала жылу беру маусымына толықдайын екендігін айтып өтті.

“Орал қаласындағы жылу беру орталығының тозу деңгейі 80-90 пайызға жеткен болса, Ақсай қаласында 10 пайызды төрсетіп отыр. Бұл дегеніңіз жақсы көрсеткіш. Өте жаңа жылу қазандықтары тұр. Негізігі мәселе қала тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамту мәселесі. Бүгінгі күні жылына қала халқы 2900 мың текше мерт су тұтынатын болса, соның 70-80 пайызын ғана қамтып отыр. "Бестау" су тоғаны қаланы сумен толық қамти алмауына байланысты Ақбұлақ су тоғанына екі ұңғыма қазу арқылы аталған мәселе шешімін табады деп отырмыз Биыл осы жұмыстар басталды. Мен оны жылдың басында келгенде, Орал және Ақсай қалаларының жылу мен су беру мәселелерін көтерілген болатын. Менің тапсырмама сәйкес, жылдың соңына дейін бұл мәселелер шешілуі керек. Ақсай қаласының халқы қысты күні жылусыз немесе ауыз сусыз қалмайды деп есептеймін. Өйткені жағдай жақсы. Ендігі мақсат осы қалыпты жағдайдан төмен түсіп кетпеуіміз керек. Себебі, халықты су мен жылумен қамту ең өзекті мәселе. Осы бағытта жұмыстарды жалғастырыңыздар. Мекемеге, жұмысшыларыңызға алғыс айтамыз”, - деп атап өтті Нариман Төреғалиев.

"Ақсайжылукуат" мекемесінің бас директоры Жасталап Құрманқұлов облыс басышылғына бүгінгі күнде шешімін таппай отырған мәселелер баяндады.

Мекеме басшысының сөзінше, энергия беруші ұйымдардың кінәсінен қазандықтарды электрмен жабдықтаумен тұрақты үзілістер, соның салдарынан кәсіпорын тасымалдау, ЖЖМ бойынша қосымша шығыстарды көтереді. Сонымен қатар, қысқа тұйықталу салдарынан жабдық жиі істен шығады, қазандықтардың жұмысы тоқтайды. Оған қоса қазандықтарды, сондай-ақ дизельді генераторларды резервтік электрмен жабдықтаудың болмауы, сондықтан қазандықтарды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қуаты 7,5-тен 30 кВт-қа дейінгі қосымша 10 дизельді генератор сатып алу қажет. Тағы бір мәселе бірқатар қазандықтарда жылу қуаты бойынша резервтің болмауы

Одан соң облыс әкімі Нариман Төреғалиев "Digitalisation and Recycling" ЖШС қоқыс сұрыптау кешенінің құрылыс барысымен танысты. Серіктестік өз аумағында қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысын өткен жылы бастаған еді. Мекеме директоры Дархан Күзенбаев облыс әкіміне жоба қуаты жылына 5000 тонна екендігін, сондықтан Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтардың 25 пайызын сұрыптау мүмкіндігі бар екендігін айта келіп, мекемені биылғы жылы іске қосуды жоспарланып отырғандықтарын айтып өтті.

Мекеме іске қосылғанда қоқысты сұрыптаудан өзге, жеке инсинератор пешін қолдану арқылы ЖҚҚ және т. б. сияқты белгілі бір түрлерді жағу, қағаз, картон, пластикалық бөтелкелер, пластмассадан жасалған басқа қалдықтар, пайдаланылған шиналар, бетон, ағаш қалдықтары және т. б. сияқты белгілі бір қалдықтарды қалпына келтіру, одан әрі өткізу үшін жоғарыда көрсетілген

Талқылау