Наразы Рыбакина: Тарихи жетістікке қол жеткізген Елена марапаттау рәсімінде WTA-ның бас директорымен суретке түсуден бас тартты
Фото:WTA 2025 турнирінің марапаттау рәсімінен үзінді кадр
Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA Finals 2025 турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы ең ірі тарихи жетістікке қол жеткізді. Айтулы жеңісінен кейін ол марапаттау рәсімінде WTA ұйымының бас директоры Порша Арчермен суретке түсуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл сәт тікелей эфирден көрсетіліп, қалың көпшіліктің талқысына түсті.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Рыбакинаның бұл әрекетіне Арчердің оның жеке бапкері Стефано Вуковты турдан шеттетуге ықпал жасауы себеп болған.
Баспасөз мәслихатында Елена Рыбакина журналистердің осы жағдайға қатысты сұрағына былай жауап берді:
“Бұл тек Арчер екеуміздің арамыздағы әңгіме”, - деп жауап берген Рыбакина.
Айта кетсек, бұрын Порша Арчер, бапкер Вуковты Рыбакинаға психологиялық және физикалық мүмкіндігіне шектен тыс талаптар қойған деп айыптаған. Арчердің мәлімдеуінше, Вуков шәкіртіне:
“Ақымақсың. Мен болмасам, әлі күнге дейін Ресейде картоп теріп жүрер едің”, – деп айтқан.
Осы жағдайдан кейін 2024 жылдың маусымында Вуков өзіне тағылған айыптармен келіспей, WTA шешіміне апелляция жолдады. Сот шешімі бойынша оның дисквалификациясы күшін жойып, Вуков Рыбакинаның командасына қайта оралған еді.
Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиядағы өткен WTA Finals 2025 турнирінде финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (0) есебімен ұтты. Бұл жеңіс арқылы қазақстандық спортшы 1500 рейтингілік ұпай және 5 миллион 235 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы иеленді. Ол нәтижесінде жаңартылған рейтингте әлемнің бесінші ракеткасына айналады.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?

