Naqty Onim мобильді қосымшасымен бірге дәрілерге цифрлық бақылай аласыз
Фото: freepik.com
Әрбір жан қабылдайтын дәрінің сапалы әрі қауіпсіз екеніне сенімді болғысы келеді. Өкінішке қарай, фармацевтика нарығындағы жалған дәрілердің сирек жағдайларының өзі адам денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Көбінесе жалған дәрілердің орамасы түпнұсқадан айнымайды, алайда ішіндегі зат шын дәрі болмауы мүмкін. Осы қауіптің алдын алу үшін Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Енді әрбір орамда бірегей Data Matrix коды дәрінің "төлқұжаты" орналастырылады. Бұл код дәрінің түпнұсқалығын дәріханада не үйде отырып-ақ бір рет басу арқылы тексеруге мүмкіндік береді.
Тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша тексеру өте оңай. Бірыңғай оператор әзірлеген Naqty Onim тегін мобильді қосымшасын жүктеп алу жеткілікті. Қосымша орамадағы кодты сканерлеп, дәрінің заңды екенін, деректер базасымен сәйкестігін және қандай да бір күдік тудырса да соны бірден көрсетеді. Мұндай тексеру бар болғаны бір минут уақытыңызды алады, бірақ денсаулығыңызды, тіпті өміріңізді де сақтап қалуы мүмкін.
Қосымшаны пайдалану оңай: қосымшаны ашып, өндіруші немесе импорттаушы қойған екі өлшемді штрихкодқа (Data Matrix) смартфон камерасын бағыттаңыз. Бұл код – орталықтандырылған дерекқордағы тауар жайлы ақпаратпен байланысты бірегей сәйкестендіргіш. Егер код сәйкес келмесе, қайталанса немесе күдік туғызса, қосымша бірден ескерту береді. Бар болғаны бір минутқа жетер-жетпес уақыт жұмсайсыз, бірақ оның нәтижесі – маңызды.
Naqty Onim – бұл тек технологиялық шешім ғана емес, бұл қоғам сеніміне негізделген құрал.
"Naqty Onim" қосымшасы – тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы негізгі құрал. Цифрлық таңбалау жүйесі әрбір адамға тауардың түпнұсқалығын бір рет басу арқылы тексеруге мүмкіндік береді, бұл жалған немесе қауіпті өнімдерді сатып алу қаупін жояды. Тұтынушылардың таңбалау кодтарын белсенді түрде тексеруі – қоғамдық бақылауды күшейтеді әрі әділ нарықтың қалыптасуына ықпал етеді. Тұтынушылардың жауапкершілігі – көлеңкелі экономикамен күрестегі басты факторлардың бірі", – дейді тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша Бірыңғай оператордың басқарушы директоры Алмат Исмаилов.
"Naqty Onim қосымшасын біз әрбір қазақстандыққа денсаулығын қорғауға арналған ыңғайлы құрал болсын деп жасадық. Бұл жай ғана қосымша емес – бұл тексерілген, түпнұсқа дәрілерді таңдаудағы сіздің жеке көмекшіңіз", – деп атап өтті Бірыңғай оператордың баспасөз қызметі.
Қосымшаны қазірдің өзінде мыңдаған қазақстандықтар пайдаланып жүр, сондай-ақ ол елдегі жетекші фармацевтикалық компаниялар тарапынан да қолдау табуда.
"Жасанды дәрі-дәрмектер бүкіл фармацевтикалық индустрия үшін қиындық тудырады. Енді қазақстандықтардың барлығы мобильді қосымшаның көмегімен бір рет түрту арқылы өз дәрілерінің түпнұсқалығын оңай тексере алатын мүмкіндігі болатынына қуаныштымыз. Бұл пациенттің күтімін шынайы етеді әрі бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтады", – дейді Polpharma Santo компаниясының бас директоры Адам Алексеюк.
Бірыңғай оператордың мәліметінше, дәрілерді тексеру функциясы іске қосылғаннан бері Naqty Onim қосымшасы 25 мыңнан астам рет жүктелген, және бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді.
Қосымша Қазақстан аумағында қолжетімді және App Store мен Google Play платформаларында ашық түрде орналастырылған:
App Store: https: //apps.apple.com/ru/app/naqty-%C3%B3n%D1%96m/id1544720295
Google Play: https: //play.google.com/store/apps/details?id=naqty.onim.kz&pli=1
Көптеген адамдар таңбасы бар, қауіпсіз дәрілерді таңдап, саналы таңдау жасауда.
Naqty Onim қосымшасы туралы
Naqty Onim – 2021 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан ресми цифрлық сервис. Қосымша дәрілік заттардың түпнұсқалығын тексеруге арналған функцияны қамтиды және міндетті цифрлық таңбалау жүйесінде тіркелген өнімдерге қолданылады. Қосымшаны тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша Бірыңғай оператор әзірлеген, және ол Қазақстан аумағындағы барлық смартфон қолданушыларына қолжетімді.
Polpharma Santo компаниясы туралы
Polpharma Santo – Қазақстандағы ең ірі дәрі өндірушілердің бірі. Шымкенттегі зауытта елімізде қолданылатын әр бесінші дәрі қаптамасы өндіріледі. Компания 1300-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп, оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық орнатуда және мамандар даярлау бастамаларын іске асыруда. Компания портфелінде 12 терапиялық бағытты қамтитын 280-ден астам препарат бар. Соңғы 14 жыл ішінде зауыт ауқымды жаңғыртудан өтті: ампула мен инфузия цехы, антибиотик ұнтақтарын шығару цехы, қатты дәрілік түрлер цехы жаңартылып, Цифрлық инженерлік және білім беру орталығы мен Инновация және сапа орталығы іске қосылды. Өндіріс GMP және GDP халықаралық стандарттарына толық сәйкес келеді.
2025 жылдан бастап Polpharma Santo – Еуропалық Одақтың GMP сертификатын алған Орталық Азиядағы алғашқы компания. Бұл жетістік компанияға ЕО нарығына шығуға мүмкіндік беріп, экспорттық әлеуетін арттырды. Жыл сайын компания келесі көлемде өнім шығара алады:
– 1,5 млрд таблетка мен капсула;
– 200 млн ампула;
– 60 млн антибиотик флаконы;
– 7 млн стерильді емес ерітінді флаконы.
Polpharma Santo – саланың ең ірі салық төлеушісі, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі және импортты алмастыру мен жергілікті өндірісті дамыту бағдарламаларының белсенді қатысушысы.
Біз әр отбасының денсаулығын ойлай отырып, заманауи технологиялар арқылы сапалы әрі қолжетімді дәрілер өндіреміз.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
