Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Наполеон» тортының рецепті

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге жұмсақ, әрі дәмді Наполеон тортын әзірлеудің бірнеше рецептісін ұсынады.

Наполеон тортының рецепті

«Наполеон» – бұл торт пішінді мильфей. Француз тілінде mille-feuilles «мың қабат», яғни көптеген жұқа қамырдан жасалған көп қабатты десерт дегенді білдіреді. «Наполеон» дайындау кезінде ең маңыздысы қамыр болып табылады. Шелпек нандар неғұрлым жұқа және үлпілдек болса, торт соғұрлым дәмді болады.

Сондай-ақ, әр елде бұл танымал торттың шығуына байланысты өз нұсқасы болғанымен, бірақ пісіру қағидасы өзгеріссіз қалады. Яғни, пісірілген крем біріктірілген жұқа жайылған қамыр. Ал, біз сіздерге осы жұқа қамырдан жасалатын Наполеон тортын әзірлеудің бірнеше рецептін ұсынамыз.

Дәстүрлі «Наполеон» торты

Наполеон тортын әзірлеу үшін бізге 1,800 келі бидай ұны, 600 грамм сарымай, 200 млсу, ½ шай қасық тұз, 3 литр сүт, 500 грамм қант, 5 жұмыртқа мен ванилин керек.

1. Қамыр илейтін ыдысқа 1,5 кг ұн (6 кесе) салыңыз. Содан кейін ұнға 500 грамм сары май қосыңыз да, май ұнмен араласу үшін оны пышақпен турап, араластырыңыз. Сосын бұл қоспаны төбешік етіп жинаңыз.

2. Мұздай емес суық суды тұзбен араластырып, қамыр илейтін су дайындаңыз. Дайын болған тұзды суды біртіндеп ұнды төбешіктің ортасына құйып, қоспаны үзіліссіз араластырыңыз. Бүкіл суды құйып біткеннен кейін қамыр біртегіс шығу үшін жақсылап илеңіз.

3. Қамыр біркелкі шықса оны теңдей қылып 9 бөлікке бөліңіз. Шелпек нанды 2 мм қалыңдықта жайыңыз және 180 градусқа дейінгі температуда қыздырылған пешке салыңыз. Шелпек нан 15-20 минутта дайын тиіс.

4. Крем дайындау үшін 2,5 литр сүтті отқа қойыңыз.

5. Сүт қайнап жатқанда жұмыртқа мен қантты бір ыдысқа салып, араластырып алыңыз. Содан кейін бұл массаға ұн қосып, барлығын мұқият араластырыңыз. Сосын қалған 0,5 л сүтті құйып, біркелкі болғанша араластырыңыз.

6. Сүт жақсы қызғанда оған жұмыртқа массасын сыздықтатып құйып, үздіксіз араластырыңыз. Сүт пен жұмыртқа массасын крем болғанша қайнатыңыз және бетінде көпіршіктер пайда болған соң дереу өшіріңіз. Ыстық кремге 100 грамм сары май мен ванилин қосыңыз. Қалауыз бойынша қант қосуға да болады.

7. Әр шелпекке крем жағып, бәрін үсті-үстінен бір ыдысқа қойыңыз. Крем көп болғандықтан аямай жағыңыз. Жанына қарай ағып жағылса, торт жақсы сіңіріледі. Содан кейін қызарып піскен шелпекті үгітіп, дайын торттың үстіне және жан-жағына себіңіз.

8. Крем жақсы сіңу үшін торт біраз тұру керек. Ал 6-7 сағаттан кейін крем сіңіп, торт жұмсақ, әрі дәмді болып шығады.

Айта кетейік:

9 қамырдың әрқайсысының диаметрі шамамен 30 сантиметр болады. Сондықтан, егер сіз кішкене торт жасағыңыз келсе, қамырды көп бөлікке бөліңіз. Сол кезде торт жалпақ емес, биік болады. Қамырды бөлгенде бөліктерді тоңазытқышта сақтаңыз және қамырды жаятын кезде бір-бір бөліктен алыңыз. Қамырда май көп болғандықтан, бөлме температурасында ол тым жұмсақ болады және сізге қамырды жұға қылып жаю қиын болады. Ал кремді шелпектерге жақпас бұрын оны сәл суытып алыңыз.

Кремі қойылтылған сүттен жасалған Наполеон

Наполеон тортының бұл түрін әзірлеу үшін 2,5 стақан ұн, 250 грамм маргарин, ½ кесе су, 200 грамм сары май және қойылтылған сүт қажет.

Дайындау ережесі

1. Маргарин мен електен өткізілген ұнды ұнтақтаңыз.

2. Суық суға бір тамшы сірке суын қосыңыз.

3. Сол сумен қамырды тегіс болғанша илеп, дайын қамырды 1 сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.

4. Қамырды бірнеше бөлікке бөліп, жұқа шелпек етіп жайыңыз.

5. Жайылған шелпекті пісіру табағына қойып, бірнеше жерден шанышқымен тесіңіз.

6. Шелпекті бір-бірден, қызарғанша 200 градусқа дейінгі температурада пісіріңіз.

7. Крем жасау үшін қоюланған сүтті 3 сағат бойы қайнаған суда қайнатыңыз. Суыған қойылтылған сүтке сары май қосып, араластырыңыз.

8. Суыған шелпектерге крем жағып, бір-бірінің үстіне қойыңыз. Соңғы шелпекті қойып, торттың үстінен басыңыз. Үстінен крем жағып, бірінші жасалған қытырлақ шелпекті үгітіп, торттың бетіне себіңіз. Қалауыз бойынша, дайын торттың бетін түрлі жеміс-жидекпен де сәндесеңіз болады.

Жаңғақ қосылған «Наполеон» торты

Жаңғақ қосылған «Наполеон» тортын дайындау үшін 5 стақан бидай ұны, 1,5 кесе су, 500 грамм сары май, дәміне қарай тұз, 1 келі қаймақ,  2 стақан қант, дәміне қарай ванилин, жаңғақ керек.

1. Ұнды електен өткізіп, бірнеше кесекке кесілген сары маймен біріктіңіз. Содан кейін суға тұз ерітіп, сол сумен қамырды илеңіз.

2. Алынған қамырды 16 бөлікке бөліп, 2 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз.

3. Дайын болған қамырды жұқа шелпек етіп жайып, алдын ала қыздырылған пеште пісіріңіз. Шелпек дайын болса суығанша күтіңіз.

4. Крем жасау үшін қаймаққа қант пен ванилин қосып, құмшекер ерігенше араластырыңыз. Содан кейін оған ұнтақталған жаңғақтың жартысын қосыңыз. Крем дайын болған соң, онымен шелпектерді майлап, үсті-үстінен қойыңыз.

5. Крем жағылмаған екі шелпекті ұнтақтап, сосын оны жаңғақпен араластырып, тортқа себіңіз.

6. Тортты крем сіңгенше тоңазытқышта 8-10 сағатқа салып қойыңыз.

Кебек қосылған веганский «Наполеон»

500 мл соя сүті,  1 шай қасық ваниль сығындысы,  ½ кесе қант, 4 стақан бидай ұны, 1 кесе су, 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық өсімдік майы, кебек керек.500 мл соя сүті,  1 шай қасық ваниль сығындысы,  ½ кесе қант, 4 стақан бидай ұны, 1 кесе су, 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық өсімдік майы, кебек керек.

1. Крем жасау үшін қант пен соя сүтін және ваниль сығындысын араластырыңыз да, қоспаны отқа қойып, қайнатыңыз. 0,5 стақан суда 0,5 ас қасық ұнды араластырып  және жұқа ағынмен қант пен өсімдік майының қоспасына құйыңыз. Сосын қоспаны жақсылап араластырыңыз. Алынған массаны қоюланғанша 2-5 минут қайнатыңыз.

2. Ал қамыр дайындау үшін 4 кесе ұн, кебек және тұзды араластырыңыз. Содан кейін оған өсімдік майын құйыңыз және түйіршік қалыптасқанша араластырып, ұсақтаңыз. Сосын оған жарты стақан су құйып, біртегіс қылып қамыр илеңіз. Қажет болса тағы да су қосуға болады. Дайын қамырды 6-8 бөлікке бөліп, пісіру табағына салып, 180 градус температурада 20-30 минут пісіріңіз.

3. Піскен торт қабаттарын суытыңыз. Ұнтақ үшін бір шелпекті үгітіп алаңыз, ал қалғанына крем жағып, торт жасаңыз. Дайын торттың бетіне қытырлақ ұнтақ пен жаңғақ себіңіз. Крем жақсы сіңгенше тоңазытқышта қалдырыңыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Желтоқсан, 2018 15:40
Талқылау