Наньчанда ескек есу бойынша Азия чемпионаты басталды
Фото: olympic.kz
Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс 11 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан бұл додаға ең ірі делегациялардың бірі ретінде қатысуда — құрамада 26 спортшы бар.
Ұлттық құраманың сапында тәжірибелі спортшылармен қатар жас дарындар да бар. Қазақстан намысын қорғайтындар:
Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов, Диас Ержанов, Денис Кленин, Егор Краснонос, Дмитрий Ладюков, Нуржан Мұфтуқұлы, Ирина Подойникова, Бекарыс Раматула, Стелла Суханова, Артем Терещенко, Кирилл Тубаев, Полат Төребеков, Дмитрий Холмогоров, Жахонгир Жәмедов, Сергей Токарницкий, Мария Бровкова, Руфина Ысқақова, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева, Ульяна Киселева, Виктор Степанов, Анастасия Березовская, Ольга Сурмина, Игорь Ряшенцев және Маргарита Торлопова.
Байрақты бәсекеде қазақстандықтар жүлделі орындармен қатар, болашақ халықаралық жарыстарға, соның ішінде Азия ойындары мен Олимпиадаға жолдама беретін рейтингтік ұпайлар үшін де күресетін болады.
Чемпионат 11 мамырға дейін жалғасады.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
