Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нанаевтың өліміне күдіктінің анасы: Менің ұлым қыздарды қорғаштады

Баскетболшы Игорь Нанаевты өлімші етіп сабаған күдіктінің анасы ұлының кінәсіз екенін мәлімдеді. Айтуынша, ұлы мас күйдегі спортшылардан қыздарды құтқармақ болған әрі баскетболшының бетінен жұдырықпен екі рет ұрған.

3333666999

Баскетболшы Игорь Нанаевты соққыға жыққан (ақырында ауруханада көз жұмған) күдіктінің анасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінен қылмысты объективтік тұрғыдан тергеу жұмыстарын жүргізу үшін өтініш хатын жолдады, деп хабарлады Sputnik.

“Ғаламторда ол туралы неше түрліні жазып жатыр, өз басым келіспеймін. Динаш әкесіз өсті, мен болсам мүгедекпін, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Ұлымды оқыттым, өзі ішпейді, шекпейді, үлкендерді және Қазақстанның заңын сыйлайды, өте мейірімді жігіт. Сырқатыма байланысты қалаға көшіп келгенімізбен, біз көп уақыт бойы ауданда тұрдық. Ондағы тұрғындардың бәрі ұлымның қандай жақсы адам екенін біледі. Пәтер ақысы мен менің дәрі-дәрмектерімді алу үшін ол неше түрлі жерде жұмыс істеді. Өмірінде ешкімді ренжіткен емес», – деп жазды күдіктінің анасы Әйгерім Құсайынова.

3 қазанға қараған түні «Парк Сити» түнгі клубының маңында орын алған қайғылы жайтты әйел абайсызда болған оқиғаға теңеп отыр.

«Оны құбыжық етіп шығарды. Ал ол Қазақстанның азаматы ретінде қыздарды қызғыштай қорыды. Өзі бірінші бастаған жоқ қой, төбелесті спортшылар бастады. Қайғылы оқиға түнгі сағат екіде оларға бас-көз болмай, ішімдік ішуге, қыздарға тиісуге жол берген жаттықтырушылардың кесірінен болып отыр», – деп атап өтті әйел.

“Тұтқындалмас бұрын ұлым ешкімге де аяғымен соққы жұмсамағанын айтты. Тек қорғану мақсатында спортшының бетінен жұдырықпен екі рет ұрған. Оның ақыры өлімге алып бара алмайды», – деп түсіндірді хат авторы.

«Өзім де Игорь Нанаев үшін алаңдадым, дұға тіледім, бірақ ол көз жұмды. Оның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бірақ қасақана адам өлітермеген күдіктінің анасы ретінде сізден, біздің өңіріміздің басшысынан, аталмыш істі бақылауға алуыңызды сұраймын. Тергеу органдары барлы жағдайды ескеріп, объективтік тұрғыдан тергеу жүргізсе деймін», – делінген хатта.

СҚО әкімінің ресми блогында жарияланған жауапта аталмыш істің СҚО ІІД басшысының қатаң бақылауында екені, ал тергеу амалдары мен сараптамалардың заңға сәйкес жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Бұдан бөлек, кәугерлерден алынған жауап бойынша тағы да төрт адамның бұл іске қатысы бар деп танылғанын айтқан. Осылайша, күдіктілер саны 5 адамға жетті.

Бұл туралы Игорь Нанаевтың достары әлеуметтік желілерде хабар таратуда. Олар спортшының өліміне себепші болған оқиғадан қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан көмек сұрауда.

“Қолда бар мәліметтеріңізді жеткізулеріңізді сұраймыз. Есімдеріңізді жасырын қалдырамыз. Оқиға тергеліп жатыр, Бүгінгі таңда 5 күдікті қолға түсті», – дейді баскетболшының достары.

Жіберіп алмаңыз: 

Шымкентте полицей көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Теміртауда оқушылар сабап тастаған азамат өз пікірін білдірді

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр

Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

Баян Есентаева: жаным қатты ауырып тұр

Талқылау