"Намыс үшін өлтірдім": Ер адам желіде жарияланған видео үшін өз әпкесін өлтірді (видео)
Ингушетия тұрғыны өзінің әпкесін өлтіргенін мойындады. Оған әпкесінің полиция түсірген оперативті видеода жүргені себеп болған. Әйелдің отбасы видеодан оны бірден танып, інісі "намыс үшін" осындай қадамға барған.
33 жастағы қыздың денесі 7 ақпанда Магастағы өз пәтерінен көптеген пышақ жарақаттарымен табылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кісі өліміне әйелдің әлеуметтік желідегі видеоның кейіпкеріне айналғаны себеп болды. Құқық қорғау органдарының қылмыстық топтың көшбасшысы Иса Альтемировты ұстау кезінде түсірген оперативті видеосында әлдебір әйел бой көрсеткен. Альтемиров тұрмыстағы әйелдерді опасыздық жасауға мәжбүрлеп, кейін оларды видеомен бопсалаған.
Әйел Альтемировпен таныс болған және пәтерде онымен бірге болған. Полиция күдіктіні ұстамақ болғанда ол граната лақтырып, өзі бесінші қабаттан секіріп құлады. Граната жарылған жоқ. Тінту кезінде полиция пәтерден есірткі затын тапты. Пәтерде екі әйел мен ер адам болған.
Әлеуметтік желілерде таратылған видеоны көрген қыздың інісі «отбасының абыройын» қорғауға бел буып, оны өлтірді. Кейін ол өзі полиция бөліміне келіп, қылмысын мойындап, оның себебін түсіндірді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
