Намазхан жігіттің әйелі барша көңілдеске өтініш айтты
Жуырда намазға жығылған азаматтың әйелі барша жас қыз-келіншектерге өтініш білдірді. Олардан отбасылы азаматпен байланысқа түспеуді сұрады.
Фото: Stav.kp.ru (көрнекі сурет)
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Биыл тұрмысқа шыққаныма 9 жыл толды. Құдайға шүкір, үш ұлымыз бар. Күйеуім отбасылы болғалы жүріс жүріп келеді. Түнде үйге қонбайды, мойнында тіс іздері бар. Бұрын киімнің ілмегіне қысып алдым дегенде сенетінмін. Қатты жақсы көргендіктен, оны кешіріп келемін. Қаншама түндерім жылаумен өтті. Соның бәріне шыдап, төзіп келемін. Құдай да менің көз жасымды көрген шығар. Күйеуім жұмысқа орналасып, үй салып, маған көлік сыйлады. Бір жыл бұрын белгісіз адам хабарласып, маған күйеуімнің көңілдесінің нөмірін берді. Әлгі әйелге қоңырау шалған едім, ешнәрсені мойындамай қойды. Оразадан кейін күйеуім намаз оқи бастады.
Жалпы намаз оқитын адамдар опасыздыққа бара ма? Осы намаз оқығанын ескеріп, оған толықтай сеніп жүрмін. Кеше түнде әлгі қыз Whats App желісіне менің күйеуіммен түскен суретін қойыпты. Сақтап үлгермей қалдым. Бірден өшіріп тастады. Тағы да жылап алдым. Таңертең күйеуімнен сұрап едім, мойындамай қойды. Оған ажырасқым келетінін айттым. Енді әлгі әйел неге кенет сурет қойды екен деп ойланып отырмын. Бәлкім мен көрсін деген шығар. Әлде күйеуім намазға жығылып, қарым-қатынастарын үзген соң солай жасады ма екен? Өзім жұмыс істеймін. Келіскен сымбатым бар, балаларым да, үйім де мұнтаздай таза. Көрген адам қызығатындай әйелмін.
Қыз қауымы, отбасылы ер азаматтарға жоламаңыздаршы. Олардың үйінде әйелі мен бала-шағасы күтіп отырады. Балалары мен әйелінің көз жасына қалмаңдар. Біреудің отбасын бұзып, бақытты отбасы құра алмайсыңдар. Солардың орнына өздеріңді бір сәтке қойып көріңдерші. Әкелерің аналарыңа опасыздық жасаса қандай күйде боласыңдар? Оларға сендер жай уақыт өткізіп, құмар қандыру үшін ғана керексіңдер. Сол үшін жауап беретіндеріңді де ұмытпаңдар! Құдай бәрін көріп тұр. Алдыларыңа келтіреді бәрін. Бұл жалғыз менің басымдағы қайғы емес деп ойлаймын. Заман не болып бара жатқанын түсінуден қалдым”, – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Жүрегіне шұғыл донор іздеген келіншек 2 қызы үшін өмір сүргісі келетінін айтып жылады
Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді
Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен
Аптасына 7 күн қайырымдылықпен айналысатын астаналық жұртты тамсандырды