Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Намазға көптен бері келе алмай жүрмін": Сиви Махмұди дінге деген құштарлығы туралы айтты

Сиви Махмұди соңғы кездері дінге құштарлығы артып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay SHOW бағдарламасына сілтеме жасап. 

Намазға көптен бері келе алмай жүрмін»: Сиви Махмұди дінге деген құштарлығы туралы айтты

Танымал әнші өзінің діни көзқарасы туралы айтып берді. Дұға, сүре, намаз оқи алатынын жеткізген ол, үйде ер адам болмаса, өзім жеті шелпекке құран оқи беремін дейді. Осылайша дін тұрғысанын келгенде сауаты бар екенін айтқан әнші намазға біраз жылдан бері келе алмай жүргенін, тәуекел жасамағанын жеткізген. 

"Мен намазға біраз жылдан бері келе алмай жүрмін. Бірақ, сүрелердің барлығын білемін. Өзім сондай жақынмын, құмармын, ұнатамын. Дұға оқып, сүре оқыған жаныма жақын. Көлік апатына түскеннен кейін, жолдасым үйде болмай қалды. Ертесінде үйде жеті нан пісіртіп, ер адам болмаған соң, өзім құран оқыдым. Барлығын өзім оқи беремін", - дейді Сиви Махмұди. 

Сиви Махмұди әсер ететін дүние көп, өнер адамы болған соң қиындау болып тұр деп отыр. Дегенмен сылтауды айта берсең бітпейді, сол себепті нақты шешім қабылдайтын уақыт келді дейді ол. Дін жолына барлық талаптарға сай болып қана аяқ басқысы келітінін түсіндірді әнші. 

"Ал намазды оқи аламын, бірақ, келе алмай жүрмін. Себебі, түрткі көп. Өнер жолында жүрмін, лас жерде жүріп қоямын деп ойлаймын. Келгеннен кейін, әдемі келгім келеді, жауапкершілікті мойныма алып. Сылтау өмірі таусылмайды, қазір бастайын деп ойлап жүрмін", - дейді Сиви Махмұди. 


Жұма намазы қалай оқылады >>>

Талқылау