Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағыз турист артында қоқыс қалдырмайды": Асы үстіртінде жиналған қоқыс көпішіліктің ашуын тудырды (видео)

Әлеуметтік желі қолданушылары Асы үстіртінде жиналған қоқыстың видеосын жариялап, наразылықтарын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолданушылары Асы үстіртінде қоқыстың жиналуына тур ұйымдастырушыларын айыптады. 

"Асы үстіртіндегі видеоларды көрген соң біздің халыққа барлығын жауып тастау керегін түсіндім. Үлкен Алматы көлі секілді, барғысы келсе, жаяу жетіп алады. Қойлар мен шошқалар жаяу жүруді ұнатпайды, ал нағыз туристер артында қоқыс қалдырмайды. 250 адамға тур ұйымдастырғандарды әкімшілік жауапқа тартып, қоғамдық жұмыс істету керек", – деп жазды желі қолданушысы.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Алматы облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Дәулет Шайтұрсын Асы үстіртіндегі обсерватория маңынан 30 тонна қоқыс шығарылғанын мәлімдеді. 

"Асы үстіртінде туристер тұрақты түрде кемпинг лагерін ұйымдастырады. 11 және 13 тамыз аралығында ауқымды тур ұйымдастырылған. Бұл табиғаттың ластануына алып келді. 15 тамызда қоқысты тазалау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі "Іле-Алатау" ұлттық саябағының өкілдерімен бірге 43 адам сенбілік өткізді. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, аумақ тазартылды", – деп жазды ол. 

Талқылау