Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағыз өмір экранның бер жағында": Көптен көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева ел алдына шықты

Фото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/

Тұрмысқа шығып, қызды болғаннан кейін көрінбей кеткен танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева ел алдына шығып, оқырмандарымен қауышты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол Instagram желісінде ұзақ уақыттан кейін алғаш рет жазба жариялады. 

"Қайырлы кеш! Инстаграмдағы көптен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлек киіп жүріп өттім… Инстаграмға аз шығатындарға қызығамын. Нағыз өмір экранның бер жағында ғой. Дегенмен сіздермен хәл алысып тұрған да жақсы. Жақында сіздерге бір өнім ұсынбақпын, Аллаһ қаласа. Қандай өнім екенін жазыңыздар. Сіздерді қатты сағындым!"– деді әнші.


  • "Желіде қыздармен танысып отыр": Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі сынға қалды

  • "Қызды болды": Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы ақпарат тарады


Айта кетейік, өнер иесі қызды болғанын ресми жариялаған жоқ. Алайда отбасылық досы, журналист Анна Данченко айтып қойған еді. 

“Кәмшат 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады. Тіпті кішкентай қызының суреттерін жіберіп жатқандар бар. Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері. Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер. Олар тыныш өмірді қалады. Бақытты болсын!" – деп жазды Анна Данченко.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 12:17
Талқылау