Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Надыров: Шектеу шаралары науқастардың ағымын азайтады деген үміттеміз

Демалыс күндері енгізілген шектеу шаралары коронавирустың көрсеткішін төмендетуге ықпал етеді. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"Бүгінде қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Қалада бос орындар бар. Алайда ауруханаларға түсіп жатқан аурулар өте көп. Осыған байланысты демалыс күндеріне жарияланған карантин шаралары пациенттер ағынын азайтарына сенімдіміз. Тұрғындарға жауапкершілікпен қарап, мамандардың айтқан талаптарын орындауға шақырамыз", - деді Надыров. 

Бұған қоса онлайн брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус өсімі екі есе өскенін атап өтті. 

"Алматыда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін адамдар қала сыртынан, қала ішінен жұмысқа келіп жатыр. Солардың арасынан коронавирус жұқтырғандар шығуда. Өткен аптада ауру көрсеткіші 2 есе көбейді. Біздің инфекциялық стационарларда үлкен қысым болып жатыр. Мұның барлығы диагностикалық потенциалды күшейтуді талап етеді", -дейді Бекшин.


 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 18:56
Талқылау