Н мен Ң-ды ажыратудың ең оңай жолы
Бүгінде Н мен Ң әріптерін дұрыс айтылуы мен жазылуында шатасып жататындар адамдар кездеседі. Қазақ тілінде екі әріпті ажыратудың нақты емлесі болмаса да, бірқатар жолдар арқылы әріптерді дұрыс қолдануды үйренуге болады.
Әдетте «н» дыбысын айтқанда, «н-дан» кейін «ы» дыбысы қосарлана естіледі. Яғни «ны» түріндегідей, бұл жазылуы емес, естігеніміз.
Ал «ң» дыбысын айтқан кезде, керісінше «ы» дыбысы «ң-ның» алдына шығып кетеді. Яғни «ың» түрінде. «Ы» дыбысының көмегімен дыбыстарды оңай ажыратуға болады деген сөз.
Дыбыстардың жасалуының өзінде едәуір айырмашылық бар.
Кейбір әдістерде «ң» дыбысы сөздерде аз кездеседі, сол себепті мұндай сөздерді жаттап алып-ақ үйренуге болады деп жатады. Дегенмен барлық сөзді емес, сол сөздің түбірін ғана жаттап алсаңыз, жетеді. "Ң" әрпін дыбыстағанда тіл артқа қарай шегінеді де, ұзақтау дыбыс шығарасыз. Ал "Н" дыбысын айтқанда тіл тіске тиеді, дыбыс соншалықты созылыңқы болмайды.
Мысалы, Мен (тіл тіске тиеді), Мең (тіл кері шегінеді).
Тағы басқа мысалдар: Жаңа – жаңалық, жаңаша, жаңашыл; Жан, жан дүние, жандану;
Мәселен, Он - оң тон - тоң; Шын - шың мен - мең; Күн - күң сен - сең.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
