Соңғы жаңалықтар

Мұздатқыштағы сәби өлімі: Атыраудағы атышулы іс бойынша жаңа деректер белгілі болды

Атырауда өтіп жатқан аты шулы дәрігерлер ісіне қатысты сот отырысында, айыпталушының адвокаты "шақалақтың мәйітін алмастырған болуы мүмкін" деген  мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Оның бұл сөзіне бірнеше дәлелдеме негіз болған.  Мәселен Батыс Қазақстан облысындағы сот-медициналық сараптама институты жасаған қорытындыда: "нәрестенің денесін 11-інші қазанда алып кетті" деп көрсеткен. Алайда қылмыстық іс материалында шақалақты сараптамадан соң 30-ыншы қыркүйекте Атырауға жеткізіліп, сол күні ата-анасына табысталғаны жазылған.

Адвокат бұдан өзге  шақалақ мәйіті көрсетілген цифрлар, қылмыстық іс материалындағы нөмірмен сәйкес келмегенін анықтаған. Екінші мәрте Қарағандыда жасалған сараптамалық зерттеу де күмән туғызыпты. 



"Сонда қалай? Кімнің баласын зерттедік? Маған тағылып отырған 14 эпизод бар. 14 эпизодтың ешқайсысымен жауаптау, менің ойымды, менің түсініктемемді алған жоқ. Осы жерде қаншама куәлар  жауапталды. Ол жерде анықталды. Ол жерде қысымшылық көрсетіліп, арызды өз еркімен емес солардың  айтуымен берілгені анықталды", - деді айыпталушы Қуаныш Нысанбаев.

Еке салайық, жаға ұстатарлық жағдай былтыр қыркүйекте жария болды. Атырау перинаталдық орталықтың 35 жастағы экс-басшысы тірі туған шақалақты мұздатқышқа салды деген күдікке ілінді. Тергеу кезінде Қылмыстық Кодекстің 8 бірдей бабымен айып тағылды. Айыпталушы орындығында бұрынғы басшыдан бөлек, оның қарамағында жұмыс істеген тағы 4 қызметкері отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр