Мұз құрсауында қалған: Атырауда тікұшақпен қуған сақшылардан құтылып кеткен браконьерлер ұсталды
Атырауда мотоциклмен тікұшақтан қашып құтылған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Атырау облысының ПД мәлімдеді. Сөздерінше, мотоциклдің қалған жері туралы ақпарат әуе сақшыларына жіберілген.
"Хабар келіп түскеннен кейін полицейлер Каспий теңізінің солтүстік аймағына жеткен. Ол жерде су бетіндегі мұз құрсауында қалған үш браконьер табылды. Заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "
Атырауда браконьерлерді тікұшақпен қуған сақшылар олардың шаңына ілеспей қалғандығы айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”