Мысырға білместікпен дәрі ала барған британиялық әйел өлім жазасына кесілуі мүмкін
33 жастағы Лаура Пламмер Мысырдағы күйеуіне трамадол таблеткаларын алып барған. Аталған препарат кей мемлекетте есірткінің орнына қолданылады екен. Мысалы, Мысырда оны тұтынуға тыйым салынған. Енді британиялық әйел осы қылмысы үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Бұл туралы life.ru басылымы жазды.
Лаура Пламмер мен Омардың шаңырақ көтергендеріне биыл төрт жыл толып отыр. Әйелдің өзі шетелде тұрса да, әр маусым сайын күйеуіне Мысырға келіп тұрады екен. Бұл жолы әйелді Хургада әуежайының қызметкерлері тұтқындаған. Десе де, Пламмер есірткіні алмастыратын дәріні білместікпен алып келгенін айтып ақталып жатыр.
“Ол бұл дәріге Мысырда тыйым салынғанын білмеген. Тіпті, дәріні тығуға тырыспаған. Бар болғаны, ол дәрі басқаларымен бірге чемоданда жатқан”, – дейді Лаураның анасы Роберта Синклер.
Британиялыққа есірткі тасымалдау, жезөкшелікпен айналысу және кісі өлтіруге оқталу сынды үш айып тағылып отыр. Полиция қызметкерлері оны бөлімшеде 15 сағат ұстап, артынша 25 әйел отырған камераға қамаған. Аталған камерада дәретхана жоқ екен.
Лаураның камерада жатқанына бір ай болған. Күдіктінің ағасының айтуынша, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен болғандықтан, қыздарына көмек қолдарын соза алмай отыр. Ал Ресейде аталған дәрі адам өмірі үшін ең қажетті препараттардың құрамына енеді.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда ет бағасы 16%-ға қымбаттады
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған
Бишімбаевтың қорғаушылары енді прокурорды ауыстыруды талап етті