Түркістан облысында миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды
Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz
Тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 000 000 теңге талап еткен.
Пәтер беруін талап еткен: Талдықорғанда қызметкер бұрынғы басшысын бопсалағаны үшін сотталды
“Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк карточкасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды. Күдікті аймақтық блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген полиция басқармасының хабарламасында.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда ер адамды видеосын желіге жариялаймын деп бопсалаған блогер ұсталған еді.
Экологтар Атырауда егілген лотос экожүйені құртып, өзенді батпаққа айналдырады деп дабыл қақты
Маман: "Инвазивті өсімдіктер өте жылдам таралып, су түбін көлеңкелейді және жергілікті өсімдіктерді ығыстырады"
14 жастағы қыздың "зорлау" ісін жеңіл бапқа ауыстырған: Қазақстандық тергеуші салғырттық танытты деп айыпталды
Оқырмандар істің "ерікті жыныстық қатынас" ретінде бағалануына күмән келтірген