Алматыда ер адамды видеосын желіге жариялаймын деп бопсалаған блогер ұсталды (видео)
Алматыда өзін блогермін деп таныстырып, бопсалаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Блогер жәбірленушінің видеосын әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытып, бопсалап, 700 мың теңге сұраған.
"Алматы полициясы бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен өзін блогер деп таныстырған 37 жастағы ер адам ұсталды", – делінген полиция хабарламасында.
Күдіктіні кеше кешкісін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ақша алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде қолға түсті.
Ер адамның жанында, көлікте екі көмекшісі болған. Олардың да қылмысқа қатысқаны анықталды.
"Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Блогердің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”