Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Mysterions әншісі: Өкінішке орай, бүгінгі қоғамға тормоздар жетіспейді

Mysterions әншісі кезекті блогында махаббат пен жауапкершілік туралы ойын бөлісті. Бүгінгі қоғамға қызға сөз салуға жасқанатын жігіттер мен жауапкершілігі мол бойжеткендердің жетіспейтіндігін айтып өтті.

0

Фото: instagram.com/mysterions_boy/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Mysterions тобының екі жігіті бірінен кейін бірі отбасын құрған болатын. Ал Дильен әзірге бойдақ. Ол жеке кәсібін қолға алып, интернет дүкен арқылы түрлі косметика сатып жүр. Әнші әрдайым көрген-білгендерін бөлісіп, блогтар жазып отырады. Осы күнге дейін 32 блог жазып үлгерген. Әдетте дін, махаббат, өмір, балалық шақ, өкініш, жеңіс сынды тақырыптарды қозғағанды ұнатады.

Дильен мектеп қабырғасында оқып жүргенінде жасқаншақ болғанын айтады. Өзі ұнатқан қыздарына сөз сала алмай қиналған кездері де болған екен. Әлі күнге дейін отбасын құрмауына осы нәрсе себеп болса керек. Ол өзінің 22-ші блогында шынайы махаббат пен жасандылық, жалғызбасты аналардың көптігі, қыздар мен жігіттердің жауапкершіліксіздігі сынды мәселелердің төңірегінде пікірін бөлісті.

“Кез келген адам жасөспірім шағында өзіне ұнаған адамның телефон нөмірін анықтап беретін құрылғы туралы армандаған шығар. Әлеуметтік желідегі логин одан да күшті болатын еді. Мектепте оқып жүргенімде қатты ұяң едім. Бұл құрылғының маған көп көмегі тиері сөзсіз. Кейде таксидің артқы орындығында, автобуста немесе трамвайда отырып сүйкімді бойжеткенді бір көргеннен ұнатып қаласың. Ол да жымиып, одан сайын еліктіре түседі.

Ал тұла бойыңда бір дауыс “Эй, жігітім! Не күтіп тұрсың? Өзіңді оған лайық емеспін деп алдаусыратпа” деп жаңғырып тұрғандай болады. Уақыт өте ол бойжеткен ұмытылып, басқа біреуге ғашық боласың. Қарапайым халық мұндайларды “тормоз” дейді. Алайда, өкінішке орай, бүгінгі қоғамға дәл осындай тормоздар жетіспейді. Күн сайын жалғызбасты аналардың саны артып келе жатқанын байқаймыз. Олар құдды геометриялық прогрессия жолымен көбейіп келе жатқандай. Азаматтарымыз келіншектері мен балаларын тастап кетіп жатыр. Ал әйелдер ер азаматтарға дауыс көтереді. Нағыз ботқаның көкесі дерсің.

Тек “жауапкершілік” деген сөздің қадірін жете түсінетін ескішіл көзқарастағы адамдар бүгінгі жастардың жақсы өмірге ұмтылып, есерсоқтанып жүргендерін көруде. Әр әрекеттің өзіндік себебі болғандықтан, ешуақытта ешкімді сөкпеймін. Бірде ер адам өзге бойжеткенді ұнатып қалуы мүмкін, енді бірде қыздар түрлі тренингтерге қатысып, жігіттерді басқарып көрмек болады. Мұндайда жапа шегетін бір-ақ адам бар. Ол – балалар. Қазір ешкім де біреудің көңіліне қарамайды. Осындайда өмір McDonalds-ты еске түсіреді: есік ашыла салысымен ересектер ыстық бургер жеуге жүгіреді.

Ал балалар аяқ астында қалып, түрлі жарақат алады. Көп жағдайда өз мүмкіндіктерімізді асыра сілтеп жібереміз. Ал ең жаманы – кейде өзімізге шын мәнінде не керегін білмейміз. Өткен өмірімде мақтануға тұрарлық керемет дүниелер жасадым деп айта алмаймын. Мені барлығы жақсы көреді демеймін де. Көп адам кешіріп, екінші мүмкіндік бере бермейді ғой. Алайда кез келген адамның жақсы жаққа өзгеретініне сенімдімін. Және барлық адам өзінің, Жаратқанның алдында адалдық танытуы тиіс”, – дейді Дильен.

Бейнебаяндарына жартылай жалаңаш қыздармен құшақтасып түсетін жігіттен желі қолданушылары мұндай салмақты ой күтпеген-ді. “Тереңінен ойланады екенсің. Жас болсаң да, данасың. Әр жазған блогыңды тамсана оқимын. Енді кітап та, өлең де жазу қолыңнан келетін сияқты. Алла бар жақсылығын берсін саған”, “Өте пайдалы жазбалар бөлісіп отырасыз. Жарайсыз! Алла разы болсын!”, “Тамаша! Жалғыз сен бұлай ойламайсың” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Mysterions-тағы Ілияс та жасырын үйленіп алды ма

Аша мен Арман болашақ сәбилерінің жынысын анықтады (фото)

Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алам ба деп қорқады

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

Талқылау