Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Абайлап жүру керек": Түрік әншісі Мұстафа Сандал Қайрат Нұртасқа ренішін айтты

Түріктің әйгілі әншісі Мұстафа Сандал Қайрат Нұртасқа ренішін айтты. Әнші қазақстандық әріптесіне өз ренішін мен достық кеңесін айтты.

Бұл туралы НТК арнасы хабарлайды. 

Отандық әнші Қайрат Нұртас түріктің ”Бекерге қырылдым” әнін қазақша шырқап, Мәдина Сәдуақасова екеуі дуэт айтқан еді. Енді Мұстафа Сандал өз әнін рұқсатсыз шығарғаны үшін Қайрат Нұртасқа ренішін айтты. 

“Мен Қайрат Нұртастың талантты әнші екенін білемін. Оның өнеріне құрметпен қараймын. Бірақ дәл осы әрекетін түсінбедім. Менен рұқсат сұраған жоқ. Бұл өнер адамына жараспайтын секілді. Өнерде жүрген соң мұндай әрекеттерге абайлап қарау керек. Мен мұны достық көңілмен айтып жатырмын”, – деді ол. 

Мұстафа Сандал бұл әнді қазақстандық әнші Индира Елемеспен бірге айтуды жоспарлап жүрген екен. 2020 жылдың соңында Индира Елемес өзі ұсыныс жасап, кейін бірге бейнебаян түсірген еді.

Түрік, қазақ тілінде айтылған әннің жаңа нұсқасына да тыңдарманы оң баға беріп үлгерді. 


Талқылау