Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұрны сынған, денесі көгерген": Атырауда МАЭК су арнасынан денесі табылған Валерия Шалнованың туыстары мәйітке қайта сараптама жасауды талап етті

Ақтауда МАЭК су арнасынан мәйіті табылған Валерия Шалнованың туыстары оның күшпен өлтірілгеніне сенімді. Марқұмның әпкесі Валерия Каролина Шалнова TikTok желісінде өзге өңір мамандарының қатысуымен тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етті. Айтуынша інісінің денесінде күш қолданған белгілер болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Каролинаның айтуынша мәйітті әкелген кезде кезекші сарапшы бірінші күні әдейі сараптама жасамаған, тіпті мәйітті өз көзімен тануға ешкімге рұқсат етпеген.

"Туыстарына тек татуировкасы арқылы ғана танытты. Бұл мүлдем бос сөз! Біз оның мұрны cынған, бүкіл денесінде көптеген көгерген жерлерді, басындағы гематоманы мойнындағы тұншықтырған ізді өз көзімізбен көрдік. Келесі күні оқиға орнына барғанымызда мәйітті тауып алған балықшыны кездестірдік. Тіпті ол оның мойнында көгерген іздердің анық қалғанын айтты”, - деді Каролина Шалнова.

Бойжеткен сараптаманы тәуелсіз сарапшылар жүргізуін талап етті.

"Мәйіт жерленгенше бізге басқа облыстан мамандарды қайта тексеруге жіберуді талап етеміз. Бізге тәуелсіз сараптама керек! Тәуелсіз сарапшыларды талап етеміз! Өйткені енді маңғыстаулық сарапшыларға сеніміміз жоқ", - деді бойжеткен.

Каролина сонымен қатар сараптама жасаушы маманның күдіктінің досы екенін жеткізді.

“Ол кісінің жұмысын тексеруді, оны інімнің ісінен алып тастауды талап етемін! Бізге басқа сарапшылар керек", – деп қосыт Каролина.

Талқылау