Мұрат Әйтенов отставкаға кете ме? - Шымкент әкімдігі жауап берді
Әлеуметтік желіде Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов отставкаға кетеді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда, Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпарат жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады. Қазір мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов жұмысын жалғастыруда", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметіне 2020 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын.
Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың 2 айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ