Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұның артында АҚШ пен Израиль тұр": Иранның діни көшбасшысы Әли Хаменей елдегі наразылықтарға қатысты пікір білдірді

Иранның рухани көсемі Әли Хаменей елдегі үлкен наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап.

Али хаменей

Хаменей Амини қайтыс болғаннан кейін басталған елдегі көтерілістерді "жоспарланған тәртіпсіздіктер"деп мәлімдеді. Оның пікірінше, мұның бәрін АҚШ пен Израиль ұйымдастырған. 

Иранның діни жетекшісі наразылық кезінде хиджабтарды лақтырып, мешіт, банк және полиция көліктерін өртеп жібергендердің қылығын “есерсоқтық” деп атады.

"Мұны кім жоспарлады? Әлбетте, Америкалық арам, узурпаторлық, сионистік режимі. Олар шетелдегі ирандық сатқындардың көмегімен агенттер жалдап, төңкеріс ұйымдастырмақ", - деді аятолла.

Республикадағы митингілер үшінші аптаға жалғасуда, полиция наразылық білдірушілерді жаншуға күші жетпей жатыр.  Иранның мемлекеттік теледидары қақтығыстардан қаза тапқандар саны 41-ге жетуі мүмкін деп жазады. Ал Amnesty International ұйымы 52 адам өлімін, соның ішінде бес әйел мен кемінде бес баланың мерт болғанын айтты. Кем дегенде 1,5 мың наразы тұтқынға алынған.

Наразылықтар тек көшелерде ғана емес, сонымен қатар елдің ірі қалаларындағы университеттерде де өтті. Студенттер үкіметке қарсы ұрандар айтып, хиджабтарды шешуге шақырады.

27 қыркүйекте Иранда елдің бұрынғы президентінің қызы Фаезе Хашеми де акцияларға қатысы бар деп, "тәртіпсіздік" бойынша қамауға алынды. Алайда нақты қандай әрекеттер екені айтылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Иранның сырты істер министрлігі аталмыш бүлікке АҚШ-ты айыптаған еді. Сонымен қатар, ел президенті Эбрахим Раисы бүлікшілермен күресетінін атап өтті.

Талқылау