Димаш Құдайберген: "Мемлекет басшысы атаққа ие болатынымды ұшақта айтқан"
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің бір топ азаматын қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биылдан бастап қайта беріле бастаған "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағымен бір топ өнерпаз марапатталды.
"Алғаш рет атақ алатынымды ұшақта естідім. Мемлекет басшысы Қытайға барған іс-сапарымыздан қайтып келе жатқанда айтқан болатын. Мұны айтуға бола ма екен?! Ең бастысы, халықтың ықыласы мен пейілі. Ол ешқандай марапатпен өлшенбейді. Менің әрбір қадамымды қолдаған халқыма рақмет!", – деп алғыс айтты.
Еске салсақ, бұл мәртебелі атақ еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді