Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныстық белсенділік обыр ауруының қаупін арттырады

Адам өмірінде жыныстық серіктестердің көп болуы (он немесе одан көп) обыр ауруының қаупін арттырады. Мұндай тұжырымды Ұлыбритания, Канада, Италия, Австрия және Түркия ғалымдарының халықаралық тобы ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

обыр

Зерттеушілер сауалнама барысында жыныстық серіктестерінің санын көрсеткен 5722 адамның деректерін талдаған. Сондай-ақ, еріктілер өз денсаулығын бағалап, рутиндік қызметке қандай да бір түрде әсер ететін ұзақ мерзімді немесе беймәлім жағдайы туралы хабарлады. Тағы бір ақпарат жасына, этникалық тобына, отбасылық жағдайына, отбасының кірісіне, өмір салтына (темекі шегу, ішімдік ішу, физикалық белсенділік) және күйзеліс белгілерінің болуына байланысты екен.

Сауалнамаға қатысушылардың орташа жасы 64-ті құрады. Олардың әрбір төртіншісі некеде болған. Ерлердің шамамен 28,5% -ы - 0-1; 29%-ы - 2-4; 20%-ы - 5–9 шамасында жыныстық серіктесі туралы хабарлады; ал 22 пайызында он немесе одан көп болған. Ал әйелдер үшін бұл көрсеткіштер сәйкесінше 41 пайыздан сәл аз, 35,5 пайыздан төмен, 16 пайызға жуық және 8 пайыздан аз болды.

Барлық деректер талданған кезде ғалымдар адам өміріндегі жыныстық серіктестер саны мен екі жыныстағы қатерлі ісік диагнозының қаупі арасындағы статистикалық маңызды байланысты анықтады. Он және одан да көп серіктес ауру ықтималдығының 69-91 пайызға артуына себеп болады. Өйткені, жыныстық жолмен берілетін және обыр мен гепатиттің кейбір түрлерінің дамуына әсер ететін инфекциялар болуы мүмкін.
 

Талқылау