"Мұндай оқиға енді қайталанбауы тиіс": Мәулен Әшімбаев Қарағандыдағы кеншілердің қазасы жайлы айтты
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы шахтада кеншілердің қазасынан кейін еңбек қауіпсіздігі талаптары күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әшімбаев әлі күнге дейін кеншілердің қазасы тіркелсе 30 жылдан бері қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жүргізілген шаралар жеткіліксіз болғанын мойындады. Мұнымен қоса өз жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс кәсіпорын иелері мен үлескерлеріне қойылатын сұрақтар көп.
"Қандай да бір шара қолданылғанын толығымен жоққа шығару дұрыс емес және әділетсіздік болар еді. Алайда соңғы орын алған қайғылы оқиғалар мұның жеткіліксіз екенін және алға жылжу керектігін көрсетеді", – деді ол сенат қабырғасында.
Енді заң шығарушылар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кейбір заңнамалық нормаларды қайта қарайды, сонымен қоса, бизнес иелерінің жауапкершілігін арттыру көзделген.
- Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір кеншінің мәйіті табылды
- "Басшылық жалақыны көтергісі келмейді": Қарағанды облысында шахтерлер ереуілге шықты
"Мен қазір айтылып жатқан наразылықтар мен талаптарды түсінемін. Біз, ең алдымен, заңнамалық жағынан қажет нәрсенің бәрін жасаймыз: заңның кейбір нормаларын өзгертеміз, қажет болса, мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін жауапкершілікті күшейтеміз. Қайғылы оқиғада қаза болғандардың отбасыларына тағы да көңіл айтамын. Жарақат алған кеншілер тез сауығып кетеді деп сенеміз. Бұл жағдай ең соңғысы деп үміттенеміз. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді сенат спикері.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев өз кезегінде тергеу нәтижесінде процессуалдық шешімдер қабылданып, тиісті шаралар қолданылатынын қосты.
"Қазір құқық қорғау органдары тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешімдер қабылданып, тиісті шаралар қабылданады. Әзірге кімнің жауапқа тартылатынын айта алмаймын", – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.
ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.