Мыңбаев: Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де қымбаттайтын болады
“ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де өсетін болады.
“ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де өсетін болады.
“Егер Ресей нарығындағы тенденция жайында айтатын болсақ, онда ол жақта акциздік алым көтерілген болатын. Ресейде акциздік алымның өсуі бөлшек сауда бағасының көтерілуіне алып келетіні түсінікті және ол бөлшек сауда бағасының деңгейіне әсер етуі мүмкін — кейбір көтерілулер Қазақстанға да”, — деді Мыңбаев брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін Қазақстан мен Ресейдің шекарасы ашық. Ал ЖЖМ-ның бөлшек бағасының деңгейі іс жүзінде бүрдей.
“Мен жанама, қосымша әсерлер болуы мүмкін дегім келеді. Сонымен қатар, айтарлықтай ықпалды күтіп отырған жоқпыз. Қайталап айтамын, мен неге ресейлік нарықтағы бағаның деңгейін еске салып отырмын. Қалай дегенмен, ол нарық Қазақстан нарығынан он есе үлкен. Ашық шекара жағдайында баға деңгейінің әсер етпей қоймайтыны түсінікті”, — деді Мыңбаев.