Мұнай тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады - Трамп
Фото: reuters.com
Дональд Трамп мұнай бағасы "тағы 10 долларға төмендесе", Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға "мәжбүр болатынын" мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті бұл туралы CNBC News арнасына берген сұхбатында айтты.
"Егер мұнай бағасы барреліне тағы 10 долларға арзандаса, Путиннің басқа таңдауы қалмайды. Елдің экономикасы қазірдің өзінде қиын жағдайда", – деді Трамп.
Сондай-ақ, Трамп Үндістанға Ресейден мұнай сатып алуына байланысты алдағы 24 сағат ішінде баж салығын едәуір арттыру ниеті бар екенін мәлімдеді.
"Біз 25% деңгейінде тоқтаған едік, бірақ менің ойымша, алдағы 24 сағат ішінде оларды (Үндістанға қатысты баж салығын) айтарлықтай көтеремін, себебі олар ресейлік мұнай сатып алып жатыр", – деді Трамп.
Трамп Қазақстан және бірқатар елге қарсы кедендік баж салығы туралы жарлыққа қол қойды
Трамп Медведевтің мәлімдемесінен кейін атомдық сүңгуір қайықтарды орналастыруға бұйрық берді
Айта кетейік, әлемдік мұнай бағасы төмендеуді жалғастырып жатыр. 5 тамыздағы жағдай бойынша, Лондондағы ICE биржасында қазан айына арналған Brent маркалы мұнай бағасы 1,24%-ға арзандап, барреліне 67,87 долларды құрады. Ал қыркүйек айына арналған WTI маркалы мұнай құны 1,4%-ға төмендеп, барреліне 65,36 доллар болды.
Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп Ресейге қарсы санкция енгізуге дайын екенін мәлімдеген еді.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
