"Еуропаға мұнай мен газ экспорттап, жоғары кіріс алуға болады": Энергетика министрлігі желідегі жарнамаға қатысты пікір білдірді
Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде жалған жарнама тарап кеткенін мәлімдеді. Жарнамада министрліктің аты аталып, мұнай экспортынан мол қаржы табуға болатыны айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарнамадағы ақпаратқа сәйкес тұрғындар Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс ала алады.
"Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ьҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді", – делінген хабарламада.
Министрлік қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады, сонымен қатар жалған қаржылық компаниялардың өтірік ақпарат таратуы жиілегенін атап өтті.
"Онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды", – деп ескертті министрлік өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”