Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға ұсыныс бере алады

Мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға ұсыныс бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құрбан айт

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, ҚМДБ наиб имамы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы айтып берді. Енді елімізде мұқтаж адамдар онлайн сұраныс беріп, құрбандыққа шалынған мал етін ала алады. 

"Құрбан етін алу үшін өтініш қалдыру ұяшығы мұқтаж жандарға арналады. Бірінші өңірді таңдайсыз. Өңірге келіп өтініш түседі. Ол жерге бүкіл құжаттарды тіркегеннен кейін, әлеуметтік аз қамтылған жағдайы нашар отбасылар мен мұқтаж жандардан мұқтаждығы жөнінде құжат тіркеуі сұралады. Өтініш сайтқа түскеннен кейін мұсылмандар діні басқармасы осы онлайн құрбандық барысында сойылған етті еріктілер топтары арқылы мұқтаж отбасыларға таратып береді", - дейді Ершат Оңғаров. 

Наиб имам құрбандық шалуға қаражатты каспий банк арқылы төлеуге болатынын айтты. 

"Онлайн құрбандық биыл тарихта алғаш рет орын алып отыр. Сол себепті каспий банк арқылы ғана жүзеге асады. Биылғы жылы қиын болмау үшін бір ғана банк арқылы төлем жасауға болады", - деп түсіндірді Ершат Оңғаров. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр