Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Мұқасан Шахзадаев сахналас серігі Нұрланды өзгеден ерекше білетінін және қазіргі уақытта оның өзгеріп кеткенін айтты. Топтың тарап кетуінің себебі сол өзгеріс екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Нұрлан Қонысбаевқа ренжулі екенін хабарлаған әнші өнердегі досын жақсы білетінін айтты. 

"Мен Нұрланды жатқа білемін. Оның жолдасынан артық білемін десем болады. Біз 26-27 жылға жуық уақыт бір-бірімізді білеміз. Студенттік кезден бері, жатақханада тұрып жүргеннен бастап дос едік. Нұрлан о баста бұндай болған жоқ. Ол өзгерді. Екеуіміздің бөлек кетуіміздің себебі - бұрынғы Нұрланымды таппай қалдым", - деген әнші жауабына жүргізуші бар мәселенің Нұрланның әйелінде ме деп сұрады.

"Нақты олай деп айта алмаймын. Әйел адамдар табиғатынан бір дүниені басқа жағына бұрып алып жатады. Анаған ұқсамадың, мынау сондай деп әңгіме айтатын де кездер болады", - деді Мұқасан.

Әншінің айтуынша жұбайы ғана емес, Нұрланның достары да тасада тұрдың деп жаман ой тастаған. Мүмкін сондықтан да өзгеріп кеткен. Топ ыдырап жаста да,  топ репертуарындағы әндер ортақ екенін, топтың ыдырауына топ мүшесі ретінде екеуі де емес, араға түскен арамза ойлар кінәлі деді Мұқасан. Бірақ қазіргі таңда бұрынғыдай араласпайтындығын да атап өтті.

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...