Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Құл-Мұхаммед аты аңызға айналған қазақ мергенін марапаттауға шақырды

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед аты аңызға айналған қазақ мергені Ибраим Сүлейменовты "Халық Қаһарманы" атағымен марапаттауға шақырып, мақала жазды, деп хабарлайды Казахстанская правда газетіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ыбырайым Сүлейменов 289 гитлершілерді жеке дара көзін жойған мерген-атқыш. Бүгінгі баяндамамның кейіпкері - шын мәніндегі нағыз батыр", - деп жазды Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Автор мергеннің толықтай биографиясын жазып өтеді. 

"1941 жылдың соңында Ыбырайым Сүлейменовты әскерге дайындау кезінде Алматыда 1941 жылғы 26 қазандағы Орта Азия әскери округі қолбасшысының бұйрығына сәйкес 100-атқыштар бригадасы құрылды. Осы бригада құрамында Ыбырайым 1942 жылдың тамызына дейін әскери дайындықтан өтеді. Алғашқы сабақтардан бастап ол өзгелерді атыс дәлдігімен таңғалдырды, содан кейін, тәлімгерлер оны "Снайпер-бақылаушы" мамандығы бойынша дайындай бастады", - деп жазды ол.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жазуынша, Ибраим соғыс кезіндегі алғашқы ерлігін Калинин облысындағы Березки ауылын босату кезінде Марс операциясында жасаған. Алғашқы жекпе-жекте Сүлейменов ерекше мергендік танытты, сол үшін "Жауынгерлік еңбегі үшін" медаліне ие болды.

Ыбырайым Сүлейменов Қызыл Жұлдыз орденіне ұсынылған, онда ол майданда болған екі жарым айдың ішінде көзін жойған жауларының санын 217-ге дейін жеткізіп үлгерген.

"Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында осындай нәтижелі атыс рекордын қойған мерген болмаған", - деп жазады сенатор.

"1943 жылы жазда Сүлейменов жау жақтағы қаза тапқандардың саны 239-ға жетті. Немістер одан қатты қорыққандары соншалық "азиаттық мерген" атап кеткен.

Ибрагим Сүлейменовке екі беттен тұратын формулярда оның жауынгерлік жолы жайлы ақпарат, өкінішке қарай, абзацқа ғана жеткен", - деп жазады Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын бергенін еске салды. Біраз уақыттан кейін ол Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсеновты Алтын Жұлдызбен марапаттады.

"Отанымыздың даңқты ұлы Ыбырайым Сүлейменов, генерал-лейтенант Лисицын атап өткендей, өз Отаны үшін, туған елі үшін шайқасты. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанға өз Отаны мен туған халқын дәріптеген батыл жауынгерге құрмет көрсететін кез келді", - дейді Құл-Мұхаммед.

"Екі жыл бұрын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкілхалықтық сайлау нәтижесі бойынша ел президенті болып сайланып, "Ұрпақтар сабақтастығы. Әділдік. Даму" саяси ұстанымын жариялаған еді. Бұл өз кезегінде барлық қазақстандықтың жүрегіне жылулық сыйлады. 

Мемлекет басшысы өзі де жеңімпаз әке мен майдангер жазушының ұлы бола отыра, өзіне берілген биліктің күшімен өзін мәңгілік даңққа кенелткен Ыбырайым Сүлейменовке қатысты әділдікті қалпына келтіре алар еді. Осылайша, тарихи сабақтастық сақталып, шынайы әділеттілік орнап, бірқалыпты даму жалғасар еді", - деп қорытты автор.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр