Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Әбілязов пен сыбайластары тағы сотталды

Сот Мұхтар Әбілязовты және "БТА Банкінің" басқа да экс-қызметкерлерін 58 миллиард рубльден астам жымқырғаны үшін колонияға сырттай үкім шығарды. Азаматтық шағымдар 173 миллиардтан астам рубльге қанағаттандырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеу қаласының Таганский аудандық соты "БТА Банк" АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченкоға, сондай-ақ олардың қарамағындағы Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай үкім шығарды. Олар РФ ҚК 159 - бабының 4-бөлігінде (алаяқтық), РФ ҚК 174.1-бабының 3-бөлігінде (қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыру), сондай-ақ РФ ҚК 165-бабының 3-бөлігінің "а", "б" тармақтарында (ұйымдасқан топ алдау арқылы аса ірі залал келтіру) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сотта 2006-2009 жылдары несие мекемесінің аталған қызметкерлері "БТА Банкі" АҚ-ның 58 миллиард рубльден астам ақшасын ұрлап кеткені анықталды. Осы мақсатта олар қарыз қаражатына сатып алынған жер учаскелерін кепілге қойып несие берді. Кейіннен Әбілязов сыбайластарымен бірлесіп ипотека шарттарының қолданысын заңсыз тоқтатуды ұйымдастырды. Нәтижесінде банк кепіл заттарын өндіріп алу мүмкіндігінен айырылды, ал қаскүнемдер мүлікті өз қалауы бойынша, соның ішінде үшінші тұлғаларға сату арқылы иелік етті.

Сонымен қатар, сыбайластар цессия шарттары негізінде өздерінің бақылауындағы компанияларға "БТА Банкі"АҚ берген бірқатар кредиттер бойынша ақшалай қаражатты талап ету құқығын берді. Нәтижесінде аталған компаниялар банкке тиесілі ақша қаражатын алды.

"Қазіргі уақытта айыпталушылар Ресей Федерациясынан тыс жерде жасырынып жүр, оларды беруден бас тартылды. Қылмыстық іс келуден жалтарған сотталушылар болмаған кездегі мәні бойынша қаралды", - делінген хабарламада.

"БТА Банкі" АҚ талап арызы бойынша қамтамасыз ету шаралары ретінде алдын ала тергеу барысында жер учаскелеріне, Әбілязовтың активтері болып табылатын оффшорлық компаниялардың акцияларына, сондай-ақ оның шоттары мен басқа да қатысушылардың жылжымайтын тұрғын объектілеріне тыйым салынды. Тыйым салынған мүліктің жалпы сомасы 24 миллиард рубльден асады.

"Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот Мұхтар Әбілязов 15 жылға бас бостандығынан, Кононконы 10 жылға бас бостандығынан, Параскевичті 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ерещенко мен Удовенко әрқайсысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Жәбірленушінің ("БТА Банкі") қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы азаматтық талабы 173 миллиард рубльден астам сомаға толық қанағаттандырылды", - деп нақтылады Бас прокуратура.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Желтоқсан, 2020 06:54
Талқылау