Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Әзірбаевтың міндетіне сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары және энергетика мәселелерін қадағалау кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мухит Азирбаев

Әзірбаев бұл қызметті 2019 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді және мегаполистің екі басшысы – Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев ауысқаннан кейін де орнын сақтап қалған.

Мұхит Әзірбаевты қызметінен босату туралы шешім Тоқаевтың Қазақстан халқына көктемгі Жолдауына байланысты қабылданған.

"Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды", –  делінген әкімдік ұсынған ақпаратта.

Талқылау