Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлының лицензиялық турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысатын Мұхамедсабыр Базарбайұлының алғашқы қарсыласы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Ертең Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнир жалауын желбіретеді. Қазақстан құрамасынан ерлер арасында сынға түсетін Мұхамедсабыр Базарбайұлының алғашқы қарсыласы белгілі болды. 63,5 келі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бірінші айналымда филипиндік Лауренте Питке қарсы жұдырықтасады. Мұхаммедсабыр Базарбайұлының салмағында 65 боксшы сынға түсіп, солардың бесеуі ғана жолдамаға ие бола алады. Жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жектер өткізеді. 

Айта кетейік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Италияның Бусто-арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде болгариялық Радослав Росеновқа есе жіберген еді. Дегенмен Астанада өткен спаррингтік турнирдің жеңімпазы атанып, қайтадан лицензиялық турнирге қатысу құқығына ие болды.  

Талқылау