Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге барады

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің финалында жеңіске жетті. 63,5 келіде сынға түскен спортшы финалда Дулат Бекбауовтан үш раунд бойы басым болып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Турнир аясында үш жекпе-жек өткізген Базарбайұлы мықтылығын мойындатып, Таиландтағы соңғы әлемдік лицензиялық турнирге баруға лайық екенін дәлелді. Ол алғашқы кездесуінде Ертуған Зейнуллиновті жеңсе, жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевтің осал тұсын тапқан еді. 

Айта кетейік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Италияның Бусто-арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде болгариялық Радослав Росеновқа есе жіберген еді.  

Талқылау