Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Таиланд астанасы Бангкокте өткен әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында ұтылған Мұхамедсабыр Базарбайұлы ақыры Париж олимпиадасына лицензия ұтып алды. Ширек финалда ұтылған 4 боксшы өзара жұдырықтасып, бесінші жолдамаға таласты. Базарбайұлы бірінші жекпе-жегінде Хосе Мануэль Вифараны ұтса, шешуіші айқаста молдовалық Александр Паращивпен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Осылайша Мұхамедсабыр Базарбайұлы Қазақстан қоржыны 63,5 келідегі жолдаманы салды.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы олимпиада ойындарына толық құраммен барады. Ал Әйелдер құрамасы соңғы лицензиялық турнирде екі жолдамаға ие болды. 50 келідегі Назым Қызайбай мен аса ауыр салмақтағы Валентина Хальзова Парижде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. 

Талқылау