Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұғалімге мектепте Хэллоуин жасауға кім рұқсат берді": Қазақстандық журналист Аймағамбетовке үндеу жолдады

Елдегі кейбір мектептерде оқушылар "Хэллоуин" мерекесін атап өткен. Желіде тараған фотосуреттерге жұрт наразылық білдірді. Олардың қатарында қазақстандық журналист және блогер Бибігүл Дәулетбекқызы да бар. Ол тікелей білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мынау не масқара! Кім бұл мұғалімге мектепте Хэллоуин жасауға рұқсат берді?! Сіз бе?! Әлде мектеп директоры ма?! Еуропадан келген бұл жын-перілердің ойынын мектептегі балаларға насихаттауына қарсымын!", - деп жазды Facebook-те журналист.

Сонымен қатар, Бибігүл Дәулетбекқызы шетелдегі жағдайларға назар аударды.

"Жыл сайын осы Хэллоуин мерекесінде АҚШ-та мыңдаған бала жоғалатынын білесіз бе? Кезінде Америка мен Еуропа да немқұрайлы қараған. Қазір осы жын-перілердің ойынына өздері де қарсы. Алайда тоқтата алмайды.

Себебі халық бұл жын-перілердің күнін үлкен мерекеге айналдырған.
Дәл осы күні бала ұрлаушылар қаптап жүреді екен. Бұл да біз білмейтін үлкен күштің саясаты болар. Неге мектепте мына Хэллоуинды насихаттап жүр?", - деп жазды журналист.

Бибігүл Дәулетбекқызы жазушы Нұрлыбек Саматұлының "Құбыжық" атты әңгімесін оқуға кеңес берді. Сөзіне қарағанда, бұл "Хэллоуиннің" елге қауіпті екенін түсіндіреді.

"Мына әйел (ұстаз деуге де болмайды) балалардың психикасын бұзып жатқанын біле ме өзі?! Сөзім жоқ. Бұл біздің тойлайтын мереке емес.
Батысқа еліктейміз деп онсызда балаларымызды әлжуас етіп алмадық па?
Әнші, вайн, сайқымазақ болуды армандап, құлақтарына сырғасын тағып, шаштарын бояп жүр. Балаларға - батыр болуды, Отанын, елін сүйетін патриот болуды неге үйретпейді мына мүғалім іші пысып бара жатса?!", - деді блогер.

"Асхат мырза, бала - біздің болашағымыз! Баланың болашағы - сіздің де қолыңызда тұр. Егер де мұғалімдеріңіз қазірден бастап батыстың бүлігін насихаттап, ал сіз үндемесеніз, ендеше сізге деген құрметім жоғалды. Барлығын қойып, енді жетпегені осы еді! Баланы - жастан дейді.
Ендеше, ұстаздардың ақшасын көтере бергенше, бір сәт мұғалімдердің төртібіне де назар аударғайсыз! Сізді осыншама шырылдап жақтаған журналистердің бірі болатынмын. Мына жайтқа бей-жай қарамайды деген сенімдемін!!!", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Бұған қоса, ол балалардың ара қашықтықты сақтамағанын, маска тақпағанын атап өтті.

Талқылау
Пікір
QydyrálıKZ
21 Қар, 20 жыл - 20:07

Осындай адамдарға таң қаламын, Қазақстан Демократиялық ел халық өзі біледі не істейді әлде өтірік дінге сеніп сақал өсіріп құл боламызба? Бізді жаратушы Құдай ешқашан адамға дін жіберіп құл қылмайды санасыздар, Құдайға тек сену керек 😌

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр