Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдерге сынып жетекшілігі және оқушы дәптерін тексергені үшін жалақы қосылады

Қазақстан Республикасы «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңының жобасына сәйкес, сынып жетекішілігі және оқушы дәптерлерін тексергені үшін ұстаздарға қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұстаз

"Заңдарда аталған нормалар 173 мың мұғалімге сынып жетекшілігі үшін, 165 мың мұғалімге дәптер тексергендігі бойынша жалақыны екі есе көбейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Ал 212 мыңнан астам қызметкер біліктілік санаттары үшін жалақының 30% -дан 50% -на дейінгі мөлшерде бонустар алады. Магистр дәрежесі бар 7 мың қызметкерге 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде қосымша ақы төленеді. Тәлімгерлік қызметі үшін 18 мың қызметкерге 1 БДО (17 697 теңге) мөлшерінде қосымша төлем төленеді», - деді Білім және ғылым министрі үкімет отырысы барысында.

Бұдан басқа 14 күн қосымша демалысты 100 мыңнан аса мұғалім ала алады. 

«Мұғалімнің мәртебесін көтеру оның қызметіне де қойылатын талаптардың күшеюін білдіреді. Сондықтан, заң жобасы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіби қызметке алғаш кіріскендер біліктілігін көрсетуі қажет болады», – деп сөзін жалғастырды министр.
 

Талқылау