AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы қоңырауда жартылай жалаңаш киіммен шығыс биін билеген ұстаз жұртты састырды (видео)

Ресейдің Хабаровск қаласындағы №76 мектептің мұғалімі 1 қыркүйек күні балалар алдында шығыс биін орындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлік білім басқармасы мекеме директоры мен оның қызметкерлеріне қатысты тексеруді бастады. 

Ведомство кешірім сұрап, бұл жағдай мұғалімнің жеке бастамасы екенін айтты. 

"Бүкіл мектептің тәрбие жұмысына күмән тудырды. Білім басқармасы мұндай бастамаларды қолайсыз деп санайды", – деп атап өтті білім басқармасы.

Жанжал шыққаннан кейін мұғалім бұл қылығы үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, негізінде кастюм толығымен жабық болған. Күн сәулесінің әсерінен денесі жалаңаш болып көрінген. 

Әйел қойылым арқылы адамдар ешқашан қанаттарын жоғалтпауын көрсеткісі келген. 

"Шығармашылық нөмірімде бақыт құсын бейнеледім. Ешкімді ренжітіп, сезімдеріне тиетін ойым болмады", – дейді Юлия Марченко.

Мұғалім мектепте осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты. Ол биімен қалалық іс-шараларда өнер көрсеткенін мәлімдеді. 

"Барлық балалардан, ата-аналардан, ата-әжелерден, өнерім жағымсыз эмоциялар мен түсініспеушіліктер тудырған барлық адамдардан шын жүректен кешірім сұраймын", – дейді биші. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр