Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мьянмадан қашқан рохинджа босқындарының саны 600 мыңнан асты

Тамыздың соңынан бастап Мьянмадан Бангладешке бас сауғалаған рохинджа босқындарының саны 600 мыңнан асып кетті.

Ал осы уақытқа дейін бұл елде 300 мың рохинджа тұрып жатқан. Бұл туралы Халықарылық көші-қон агенттігі мәлімдеді.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, шекарадан адамдар арып-аршып, күйзеліп жетеді. Тек лагерьлерге қоныстанған соң көмек алуға мүмкіндік туады. Мамандар «мұндай қолдау Мьянмадағы рохинджаларға да қажет», – дейді. Өйткені халықаралық ұйымдар Ракхайн штатындағы өз жұмысын екі ай бұрын тоқтатуға мәжбүр болған. Ал Мьянмадағы рохинджа босқындарының Бангладешке қашуына тамыздың 25-і күні осы ұлт өкілдерінен құралған бүлікшілердің әскери нысандарды шабуылдауы себеп. Өйткені үкімет күштері «Рохинджаны құтқару аракан әскері» деп аталатын топқа қарсы әскери операция бастап, рохинджаларға күш қолданған.

Талқылау