Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мьянмадағы жер сілкінісі кезінде екі медбике жаңа туған нәрестелерді қорғаған (видео)

Желіде Қытайдың Мьянмамен шектесетін Жуйли қаласында жер сілкінісі кезінде балаларды құтқарған перзентхана мейірбикелері түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі China Xinhua News Х парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған видеодан жергілікті перзентхананың медбикелері жер сілкінісі кезінде жаңа туған нәрестелер жатқан инкубаторларды ұстап тұруға тырысқанын көруге болады. 

Видео әлеуметтік желіде тарап, қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Олар мейірбикелерді тауып, марапатқа ұсынуды талап етті. 



Мьянмадағы жер сілкінісінен 1700 адам қаза тапты. Мерт болғандар саны әлі де артуы мүмкін. Себебі 300-дей адам із-түзсіз жоғалды, 3400-ге жуық адам жарақат алды. 

Ал Таиландтағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Тағы 32 адам жарақат алды. 83 адам із-түзсіз жоғалған.

Айта кетейік, бұған дейін Мьянмадағы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін Бангкокта ғимараттар опырылып түскен еді. Кейіннен Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жеткені айтылған.

Талқылау