AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Видеоға түсіруге шақырамын": Қазақстанда музыканы қатты қоятын жүргізушілер қалай жазаланады?

Әкімшілік полиция комитеті музыканы қатты қоятын көлік жүргізушілерін жазаға қалай тартуға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналистер "көлік салонында қойылған музыка алыстан естілсе, ондай әрекет тәртіп бұзушылыққа жата ма? Мұндай жағдайда көлік жүргізушісі басқалардың сигналын естімейді. Айналадағы адамдарға да кедергі жасайды. Бұның бәрі апатқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Полиция осындай әрекеттермен қалай күресіп жүр?" деген сұрақ қойды.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, ереже бойынша кейбір жол қозғалысына қатысушылардың жеке құқықтары басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс.

"Яғни жол қозғалысына қатысушылардың бәрі өзара сыйласып, қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға, басқа қатысушыларға кедергі жасамауға міндетті. Мұндай фактілер анықталған жағдайда азаматтарға шектен тыс әрекеттерді сурет пен видеоға түсіруді ұсынамын. Содан кейін Әкімшілік полиция комитетіне хабарлауға немесе "102" нөміріне хабарласуға болады", - дейді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр